ШҚО психдиспансерінің әкімшілігі сырқаттарға «Роллтон» бермек болған

Фотография - ШҚО психдиспансерінің әкімшілігі сырқаттарға «Роллтон» бермек болған

көрнекі сурет

Тез дайындалатын лапшадан бөлек, олар Snickers, Albeni шоколадтарын сатып алуға тырысқан.

440 0

ШҚО-дағы психоневрологиялық диспансер әкімшілігі пациенттерге тез дайындалатын лапша алмақ болған, - деп хабарлайды Today.kz YK-news.kz сайтына сілтеме жасап. Мемлкеттік сатып алу ережесін бұзу фактілерін Ұлан ауданы прокурорлары анықтады.

«Аталған мекеме әкімшілігі тамақ сатып алуға байқау жариялау барысында "Роллтон" лапшасы, Snickers пен Albeni сияқты шоколадтарға тапсырыс берген», - делінген хабарламады.

Бозанбай ауылында «Мемлекеттік сатып алу» туралы заңның талаптары бұзылғаны жайында сенім телефонына ақпарат түскен. Сатып алуға тапсырыс берген тізімде «Қазақстан» шоколады, «Крепыш» айраны және т.б. тауарлардың атауы көрсетілген.

«Мемлекеттік сатып алу шарасын өткізген кезде фирмалардың атауын көрсетуге тыйым салынған»,-деп нақтылады Ұлан ауданы прокуратурасында.

Осы заңбұзушылықтар үшін медициналық-әлеуметтік мекеме басшысына айыппұл тағайындалды. Прокурордың қарсылығымен байқауды өткізуге тыйым салынды. Келесі байқау заң талаптарына сай өткізілмек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түркістан қаласындағы психдиспансердегі сырқаттар жағдайына қатысты мәселе Үкімет деңгейінде талқыланған еді. Қыркүйектің 29 күні премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне осы мекемені тексеру туралы тапсырма берген болатын.

Сырқаттарға тиісті деңгейде күтім көрсетілмейтіні туралы БАҚ-на бір пациенттің анасы сұхбат берген.  Оның 20 жастағы ұлы 2015 жылы аурухана түсіп, осы уақытқа дейін оның хәлі одан бетер төмендеп кетсе керек. Кейін ол Ұлттық бюро мен прокуратураға арыз жазады. Бірақ, оған қатысты ешқандай шешім қабылданбайды. Қазанның оны күні бұл жерді прокуратура да тексеріп жатқаны беогілі болды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!