Қазақстанда дәрі-дәрмектің азаймайтын қоры жасалып жатыр

Фотография - Қазақстанда дәрі-дәрмектің азаймайтын қоры жасалып жатыр

көрнекі сурет

Азаймайтын қорға қажетті дәрілер әлі алынып біткен жоқ.

243 0

Қазақстандағы біріңғай дистрибьютер дәрі-дәрмектің азаймайтын қорын жасап жатыр, -деп хабарлайды Today.kz "СК-Фармация" ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смаилова. Тізімге 105 дәрі-дәрмек кірген.

«Біріңғай дистрибьютор өзінің қаржысы есебінен дәрі-дәрмектің азаймайтын қорын құрды. 2016 жылға арналған дәрілер тізімін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі бекітті. Дәрі мен медициналық қажетті заттар көлемі өткен жылы тапсырыс берушілерге сатып алынған дәрінің 20 пайызын құрайды», - деп атап өтті Смаилова.

Қалыптасқан қор медициналық мекемелерге жедел қажет болған кезде қолданылады. Аталған тізімге онкологиялық аурулар, диабет, гемофилия, ВИЧ/СПИД дерттерін емдеуге қажетті дәрілер кіреді.

"СК Фармация" баспасөз хатшысы берген ақпаратқа сай, 73 түрлі дәріге бір жарым миллионнан аса қаражат жұмсалған. Өзге дәрілер әлі де алынып жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!