1497

Ақтауда зорланған 6 жасар Вика туралы Балиева: Үмітті үзуге болмайды

Қазақстанның балалар омбудсмені сәби үшін эвтаназия туралы мәселені көтеруді жақтамайды.
Фотография - Ақтауда зорланған 6 жасар Вика туралы Балиева: Үмітті үзуге болмайды Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Дәрігерлер «Миы өлген» деген диагноз қойған алты жасар ақтаулық Викаға эвтаназия қолдану мүмкіндігін қарастырмайды. Бұл туралы Today.kz  тілшісіне, Қазақстан балалар құқығын қорғау өкілетті өкілі Зағипа Балиева хабарлайды. Балалар омбудсменінің айтуынша, Виканың жағдайында тек тылсым кереметке сену керек.

«Бұл туралы айтқым келмейді. Себебі, үмітті үзуге болмайды. Біздің елде эвтаназия туралы заң жоқ. Кішкентай қыз өліммен күресіп жатыр. Мүмкін, ол өмір сүретін шығар. Білесіздер ме, өмір түрлі таңғажайып жағдайларға толы. Сондықтан мен, бұл мәселені көтергім келмейді. Біз қыздың ата-аналарымен, әжелерімен тек жақсылықты күтеміз. Әкімшілік оларға баспана жалдауға көмектесіп, қолдау көрсетіп жатыр. Ең таңдаулы дәрігерлер де жұмылдырылып, керек десеңіз, шетел дәрігерлерін де шақыртып, күнделікті бақылау жүргізудеміз. Мүмкін, жағдайы аяқ асты оңалар. Бірақ, эвтаназия мәселесі тіпті де  қарастырылмайды », -деді Зағипа Балиева

Ақтаудағы зорлау

Ақтауда  20 тамыз күні алты жасар кішкентай қызды ұрлап, зорлап кеткен еді. Сәбиді бірнеше сағаттан кейін  ауыр жағдайда полиция қызметкерлері тауып алған болатын.

Күдіктінің ұсталуы

ҚР ҚК 120 бабы «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын. 24 тамыз күні Маңғыстау облысының полицейлері зорлаған күдіктіні қолға түсірді. ІІД баспасөз қызметінің анықтауынша, ер адам бұрын психикалықауытқулар диспансерінде тіркеуде тұрған. Ал  7 қараша күні ақыл-есі дұрыс деп танылған ақпарат шыққан. Күдіктінің қорғаушысы Намиг Валиевтің айтуынша, баланы мысықты сипату арқылы қызықтырып, алдап әкеткен.