1348

Халық Айдың рекордты бейнесін 2016 жылдың 13-нен 14-не қараған түні көре алады

Ай Жерге рекордты қашықтыққа жақындап, айдың толған кезінде әдеттегіден отыз пайызға жарық болады.
Фотография - Халық Айдың рекордты бейнесін 2016 жылдың 13-нен 14-не қараған түні көре алады Сурет: NASA

Жердің тұрғындары, Айдың рекордты үлкен көрінісін  2016 жылдың 13-нен 14-не қараған түні, яғни, осы күні Ай біздің ғаламшарымызға барынша жақындай түседі деп, хабарлайды  Today.kz   NASA-ға сілтеме жасап.

Космостық агенттіктің ақпаратына сәйкес, 1948 жылдан бері Ай Жерге мұншама рекордты қашықтыққа жақындаған емес.

Бұл күндері Айдың диаметрі үлкейіп, әдеттегіден 30 пайызға жарық болады.

NASA ғалымы  Ноя Петроның айтуынша, Айдың жақындауын немесе Үлкен Ай (суперлуние-ред.) – Жерге ең жақын қашықтыққа дейін жетуінің барысын 13 қарашаның түнінен 14 қарашаның таңына дейін тамашалауға болады.

«Жексенбінің түнінен, дүйсенбіге қараған күні  Жер мен Айдың арасында болар-болмас өзгеріс болады. Егер жексенбіде күн бұлтты болса, онда толған айды дүйсенбі көруге болады»,-деп ескертті сарапшы.

 NASA-ның мәліметінше, 2016 жыл үш рет  Айдың жақындауымен қорытындыланады.  

 

 

 

Загрузка...