994

Қарашаның 19-ы мен 20-ы күндері Алматы мен Алматы облысында қар мен аяз күтілуде

Аймақта дауылды алдын ала ескерту болжанып отыр.
Фотография - Қарашаның 19-ы мен 20-ы күндері Алматы мен Алматы облысында қар мен аяз күтілуде Сурет: ©Алмаз Толеке

Алматы мен Алматы облысында «Қазгидромет» РМК-ның болжауына сүйене отырып, дауылды алдын ала ескерту болады деп, хабарлайды Today.kz. Бұл хабарламаны Алматы қаласының ТЖД баспасөз-қызметі таратып отыр.

«Қарашаның 19-ы мен 20-ы аралығында қар жауып, кей жерлерге қатты түседі деп күтілуде. Арагідік қарлы боран болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 23-28 метрге дейін күшті жел соғады. Температура түнде 15-20 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 25-ке дейін барады. Ал күндіз 13-18 градус аяз күтілуде», - деп  хабарлады ТЖД.

Алматыдағы қар басу

Алматыны 17 қараша күні түнде қалың қар басып қалды. ІІД мәліметінше, жолдағы көлік жүргізушілерінің  алаңғасарлығынан 75 ЖКО тіркелді. Әкімшілік ақпараты бойынша, көшелердегі қар мен мұзды тазалауға 500 жол жөндеу қызметкерлері  мен 465 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.  

Қысқы ауа райды болжау

«Қазгидромет» РМК ерте басталған, қарлы қысты болжап отыр. Синоптиктердің ақпараты бойынша, ауа райы құбылмалы болады. Жиі қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

 

Загрузка...