Қолайсыз ауа райынан Қазақстанның бес облысында көлік жолдары жабылды

Тыныс-тіршілік
1326
Республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында жақын күндері 40 градусқа дейін суытады.

18 қараша кешке қарай қолайсыз ауа райына байланысты, Қазақстанның бес облысында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі деп, хабарлайды  Today.kz  ҚР ІІМ ТЖ Комитетіне сілтеме жасап.

«18 қарашада, сағат: 19:00-де Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты (қатты аяз), барлық бағытта дизель отынымен жүретін автокөліктер қозғалысы жабылды»,-делінген құтқарушылар хабарламасында.

ҚР ІІМ ТЖК ақпараты бойынша, Алматы облысында сағат: 08:30-да ауа райының өзгеруіне байланысты (боран, көріну мүмкіндігі нашарлайды), Сарыөзек-Көктал тас жолдарындағы жүккөлік қозғалысы жабылды.  

18 қарашада, сағат: 19:00-де Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының күрт төмендеуіне байланысты (температура төмендейді), қоғамдық көліктер мен барық бағытта қозғалатын дизель отынымен жүретін автокөліктер қозғалысы жабылды.

19:30-да Павлодар облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты (температура төмендейді), Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін, Астана-Ерейментау-Шідерті (205-259 километр) тас жолдарындағы қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктер қозғалысы жабылды.

Сондай-ақ, Кенжекөл ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін, Омбы-Майкапшағай(426-587 километр) тас жолдарындағы қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктер қозғалысы жабылды.

Ертеректе хабарланғандай, Қостанай облысындағы қатты аяз салдарынан, дауылды алдын ала ескерту хабарланған болатын. Синоптиктердің болжауы бойынша, демалыс күндері, яғни қарашаның 19-ы мен 20-ы аралығында аймақтарда күннің суытуы 40 градусқа дейін төмендейді. Облыстардағы апаттан құтқару қызметтері сақадай-сай дайын отыр, делінген жергілікті ТЖД.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 17 қарашада БАҚ-да, Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолдардан құтқарушылар адамдарды жаппай қауіпсіздендіргені туралы ақпарат жарияланған болатын. Қатты аяздың салдарынан, көптеген көліктердің жанармай отыны жүріп келе жатып қатып қалған еді.

 

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить