936

Қазақстанда мереке күндері 80 қосымша поезд жіберіледі

Бұл шара желтоқсан айындағы мерекелер кезінде жолаушыларды тасымалмен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.
Фотография - Қазақстанда мереке күндері 80 қосымша поезд жіберіледі Сурет: ©Алмас Төлеке

Мереке күндері (Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік мерекесі және Жаңа Жыл) жолаушыларды тасымалмен қамтамасыз ету мақсатында, жолаушылар поездына 80 қосымша вагон қосу жоспарланып отыр деп, хабарлайды Today.kz  "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда, Алматы–Астана, Алматы–Семей және Алматы–Арыс бағыттарына қатынайтын қосымша жолаушылар поездарын жүргізу қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ, № 3/4 Алматы-2–Астана (11 желтоқсан айынан бастап, 2016 жылы) және № 11/12 Алматы-2–Шымкент (1 қаңтардан бастап, 2017 жылы) жаңа жүйрік поездарды жіберу қарастырылып отыр. Аталмыш поездар "Тұлпар-Тальго" отандық  өндірушілердің шығарып жатқан вагондарынан құрастырылады. Вагондар жаңа үлгіде, кең шанақты болады. 

Загрузка...