1325

Facebook-тегі парақша троллинг үшін бұғатталған – МСМ басшысының пайымдауы

Ведомства басшысы, өзіне қолдау танытқан желі пайланушыларға алғыс білдірді.
Фотография - Facebook-тегі парақша троллинг үшін бұғатталған – МСМ басшысының пайымдауы Сурет: facebook /@ Арыстанбек Мұхамедиұлы

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Facebook-тегі жеке парақшасы бұғатталып қалған. Ведомства басшысының Today.kz сайтына берген сұхбатында, троллинг шабуылынан кейін, осындай келеңсіз жағдай орын алды деді.

Ғаламтордағы троллинг, министрдің парақшасына шағым түсіруге үндеп, қорлау сөздерді де қалдырған.

«Маған қолдау көрсеткен барлық пайдаланушыларға алғыс айтамын. Олардың  саны 1700 адам. Мен тез беріле салатын адамдардың қатарынан емеспін. Сондықтан, жақын арада менің парақшам тағы да, желі пайдаланушыларына қолжетімді болады», -деп атап өтті министр.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 26 қарашада, Арыстанбек Мұхамедиұлының Facebook әлеуметтік желіде өзінің жеке ресми парақшасын ашқандығы туралы хабарланған болатын. Өзінің шешімін министр, бірінші болып ақпараттармен бөлісіп, мәдениетке, спортқа қатысты өзекті мәселелер төңірегінде пікір білдіру деп түсіндірді. Сондай-ақ, ол барынша ашық болуға, желідегі ұсыныстар мен сыни-ескертпелерге жауап беруге уәде еткен еді.