Гүлмира Қаракөзова: Әлияжан бізден мәңгіге кетті

Тыныс-тіршілік
1850
Өмірден өткен "Астана" радиосының журналисі Әлия Жүсіпованы әріптестері қимастықпен еске алуда.

34 жасында ауыр науқастан көз жұмған "Астана" радиосының журналисі Әлия Жүсіпованы әріптестері есіне алуда деп, хабарлайды Today.kz.

«Астана» радиосының директоры Гүлмира Қаракөзова, әріптесінің қазасы туралы қаралы хабарды Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

«Мұндай жағдайды жазудың өзі ауыр екен... Бүгін бізден Әлияжан Жүсіпова мәңгілік сапарға аттанды... "Астана" радиосының дарынды журналисі, адал, әрі парасатты жан, асыл жар, аяулы ана ... Ауыр науқасы оның әрі қарай жарық өмірді, бақытты сәттерді көруіне мүмкіндік бермеді... Әлияның жары Бауыржанның қолында оның кішкентай балапандары қалды, олар әлі өте кішкентай...Әлия бізден жүктілік демалысына кеткен еді. Енді ол бізге, өкінішке орай келмейді.. Ешқашан...Өте ауыр...Қайғырамыз...Иманды болсын...» -деп, жазды Гүлмира Қаракөзова.

Әлия Жүсіпованың отбасына, туғандарына әріптестері қайғырып, көңіл айтады.

«Сен алтын адам ретінде менің есімде қалдың. Рухы жоғары ашық та, мейірімді, адал жан! Бар-жоғы бір жыл өзіңмен бірге жұмыс істеген уақытта, сен менің жүрегімнен мәңгілік орын алдың! Өйткені сен сияқты адамдар бұл өмірде өте сирек кездеседі»,-деп жазды "24 KZ" телеарнасының жүргізушісі Лаура Жақыпова, өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтына.

«Жаңалықтарда бір-бірімізді жиі ауыстыратынбыз. Ол жұлдыз еді. Үнемі көңілді жүретін. Ешқашан мұңаю дегенді білмейтін еді. Әлияжан, біз сен осылай жақсы көрдік, осылай есімізде сақтаймыз!!!»-деп, радиодағы әріптесі Әлия Ахметова өзінің естелігімен бөлісті.

Әлия Жүсіпова, көп жыл бойы «Қазақстан» РТРК» АҚ қарасты «Қазақ радиосында» саяси-әлеуметтік бағдарламаларды және "Астана" радиосында жаңалықтарды жүргізді. Парламент қызметін насихаттап, «Қазақ радиосы»-ның әуе толқынынан «Сұхбат», «Парламент хабаршысы», «Ел мен Жер», «Табысқа бастар жол» сынды бағдарламаларды жүргізді.

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить