1069

«Қазпошта» Универсиада-2017 құрметіне пошта маркасын шығарды

«Қазпошта» филиалы 2017 жылғы Бүкіләлемдік 28-қысқы универсиадаға ресми түрде серіктес болды.
Фотография - «Қазпошта» Универсиада-2017 құрметіне пошта маркасын шығарды Сурет ашық ақпарат көздерінен

Универсиаданың "Алматы Арена" жаңа ғимаратында Бүкіләлемдік 28-қысқы Универсиада-2017 құрметіне шығарылған марканы айналымға енгізу рәсімі өтті деп, хабарлайды Today.kz  ұлттық компанияның баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін біз 2017 жылғы Бүкіләлемдік 28-қысқы универсиаданың "Қазпошта" АҚ ұлттық пошта операторының филиалы EMS-Kazpost компаниясымен ресми серіктес болғанына қуаныштымыз. Ынтымақтастықтың арқасында Универсиада-2017 құрметіне арналып шығарылған марканың мөр басу рәсіміне қатысып отырмыз. Осындай маркаларға мөр басу күні үнемі ірі айтулы оқиғалармен байланысты болып, олардың ел үшін ерекше мәртебесі айқын көрініп тұрады»,-деді Универсиада-2017 Дирекциясы директорының бірінші орынбасары Қайрат Биекенов.

«Бүгін біз марканы айналымға енгіздік. Ол ертең біздің тұтынушыларымыздың хатқалталары арқылы әлем елдерін шарлайды»,-деп рәсімде сөз алған «Казпошта» АҚ-ның EMS-Kazpost филиалының директоры Еркінбек Досқожанов. 

Естеріңізге сала кететін болсақ, 16 қарашада «Қазпошта» АҚ Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне арнап маркалар топтамасын шығарған болатын. Пошталық маркаларда спортсмендер: Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Гузель Манюрова, Жазира Жаппарқұл, Василий Левит, Елдос Сметов, Әділбек Ниязымбетовтердің суреті бейнеленген.

Қысқы Универсиада Алматыда 29 қаңтар күні, 2017 жылы өтеді. Осы халықаралық жарысқа Қазақстан Республикасы алғаш рет 1993 жылы қатысқан болатын.

 

Загрузка...