1429

Ұлттық қолөнер бұйымдарының 80 пайыз тұтынушылары – қазақстандықтар

Халықтық сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарына жастар арасында сұраныс жоғары.
Фотография - Ұлттық қолөнер бұйымдарының 80 пайыз тұтынушылары  – қазақстандықтар Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Қазақстанда халық шығармашылығының өнімін тұтынатындар саны көбеюде деп, хабарлайды Today.kz. Бұл туралы Қазақстан қолөнер шеберлері Одағының төрайымы Айжан Бекқұлова, қолөнер және Қазақстан экономикасын әртараптандырудың әлеуетін арттыруға арналған баспасөз мәслихатында  мәлімдеді.

Айжан Бекқұлованың айтуынша, халықтық сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарына жастар арасында сұраныс жоғары.

«Жәрмеңке өткізуді 1995 жылы бастадым. Ол кезде 40-50 қатысушының ішінде, біздің қазақстандық шеберлердің бес-алтауы ғана  қатысатын. 2000-шы жылдары сатып алушылардың 80 пайызы шетелдіктер болды. Біз толығымен тек қана шетел нарығына бағытталып, жұмыс істедік. Қазір, өзіміздің тұтынушыларымызды қалыптастырдық. Тұтынушылар қолдан жасалған бұйымдардың ерекшелігін, оның энергетикасын сезіне біледі. Қолмен орындалған бұйымды әркім алғысы келеді. Көпшіліктің ортасынан ерекше болып көріну үшін, еш жерде қайталанбайтын жеке сатылымдағы заттарды алатын болды. Бүгінде жастардың басым бөлігі киізден басылған бас киім, шарф, күміс әшекейлерді тағуды үрдіске айналдырды. Қазіргі таңда ұлттық қолөнер бұйымдарының 80 пайыз тұтынушылары  – қазақстандықтар деп, нақты айта аламын»,-деді Бекқұлова.

«Шебер-Керуен» фестивалі

Астанада, 17-18 желтоқсанда Қазақстанның 70 үздік қолөнер шеберлерінің жеке туындылары көрсетілетін «Шебер-Керуен» фестивалі өтеді. Мереке қонақтарына жетекші және бастаушы қазақстандық дизайнерлердің этноүлгідегі жұмыстары мен сән киім үлгілері, қолөнер шеберлерінің бұйымдары, тегін шеберлік сағаттар, музыкалық нөмірлер және тағы басқа мәдени шаралар көрсетіледі.

 



 

Загрузка...