847

Астана және Ақмола облыстарында дауылды алдын ала ескерту хабарланды

Өңірде жел соғып, боран және көктайғақ болады деп күтілуде.
Фотография - Астана және Ақмола облыстарында дауылды алдын ала ескерту хабарланды Көрнекі сурет

ҚР ІІМ ТЖ Комитеті «Қазгидромет» РМК-ның ауа райы болжамының негізіне сүйене отырып, Астана және Ақмола облыстарының тұрғындарына дауылды алдын ала ескертуді хабарлайды деп, мәлімдеді Today.kz ведомстваның баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде жел соғып, боран және көктайғақ болады деп күтілуде.

«14 желтоқсан күні, Астана қаласында оңтүстік батыстан екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшті жел соғып, көктайғақ болады деп күтілуде. Ал осы күні Ақмола облысының басым бөлігінде және 15 желтоқсан күні оңтүстік батыстан секундына 23-28 метрге дейін екпіні күшті жел соғады. Кейбір жерлерде көктайғақ болады»,-делінген құтқарушылар хабарламысында.

Желтоқсанның 12-сі мен 14-і күндері болатын ауа райы болжамы

Метеорологтардың ақпараты бойынша, алдағы үш күнде елде қар жауып, бұрқасын бұран соғады. Қатты желге байланысты СҚО және Ақтауда дауылды алдын ала ескерту хабарланды. 

Желтоқсан айына ауа райы болжамы

Желтоқсан айында елде жауын-шашын және қар жауады деп болжанып, айдың ортасында ауа температурасы түнде бірте-бірте төмендейді. Елдің солтүстік және орталық аймақтарында 17 градусқа дейін төмендеп, оңтүстікте 3 градусқа дейін көтеріледі. 

Қазақстан бойынша алдағы қысқа ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің ұзақ мерзімді болжауына сәйкес, республикадағы қыс ерте және қарлы болады деп күтілуде. Қаңтар айында температура көрсеткіші орташа деңгейді көрсетіп, бір градус Цельсий бойынша көзделеді. Тек, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында шамамен орташа мәнге ие көрсеткіштер болады. Ал ақпан айында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында температура көрсеткіштері орташа болып, төмен климаттық мәнге ие болады.

 

Загрузка...