890

Астана ТЖД жаяу жүргіншілерге, жүргізушілерге көктайғақтың болатындығын ескертті

Құтқарушылар қала тұрғындарын абай болуға шақырады.
Фотография - Астана ТЖД жаяу жүргіншілерге, жүргізушілерге көктайғақтың болатындығын ескертті Көрнекі сурет

Синоптиктер Астанада қатты көктайғақ болады деп болжап отыр. Ауа райының күрт нашарлауы туралы ақпаратты елорданың төтенше жағдайлар департаменті тарқатты деп, хабарлайды Today.kz.

«Астанада қатты көктайғақтың орын алу қаупі бар»,-делінген ТЖД хабарламасында.

Құтқарушылар жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады!

Ертеректе айтылғандай, Қазақстанда желтоқсанның 14-і мен 16-сы күндері қар жауып, бұрқасын бұран соғып, көктайғақ болады деп хабарланған болатын.

Желтоқсан айына ауа райы болжамы

Желтоқсан айында елде жауын-шашын және қар жауады деп болжанып, айдың ортасында ауа температурасы түнде бірте-бірте төмендейді. Елдің солтүстік және орталық аймақтарында 17 градусқа дейін төмендеп, оңтүстікте 3 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстан бойынша алдағы қысқа ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің ұзақ мерзімді болжауына сәйкес, республикадағы қыс ерте және қарлы болады деп күтілуде. Қаңтар айында температура көрсеткіші орташа деңгейді көрсетіп, бір градус Цельсий бойынша көзделеді. Тек, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында шамамен орташа мәнге ие көрсеткіштер болады. Ал ақпан айында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында температура көрсеткіштері орташа болып, төмен климаттық мәнге ие болады.