858

Қатты аяздың салдарынан Қарағанды облысына дауылды алдын ала ескерту хабарланды

Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.
Фотография - Қатты аяздың салдарынан Қарағанды облысына дауылды алдын ала ескерту хабарланды Көрнекі сурет

Қарағанды облысы төтенше жағдайдар департаменті ауа райының күрт өзгеретінін мәлімдеді деп, хабарлайды Today.kz  ведомстваның баспасөз-қызметіне сілтеме жасады. 

«Қазгидромет» РМК-ның ақпараты бойынша, желтоқсанның 16-сы мен 18-і аралығында Қарағанды облысының кейбір жерлерінде қар жауып, батыстан секундына 15–20 метрге дейін екіпіні күшті жел соғады. Өңірде температураның күрт төмендеуі күтіліп, түнде 18–23 градустан 31–36 градусқа дейін төмендейді.

Құтқарушылардың хабарлауынша, тас жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін.

«Тұрғындарға сақ болып, ауа райы туралы ақпаратты қадағалап отыруға, балаларды қараусыз қалдырмай, алыс және жақын жерлерге жол жүруден бас тартып, түнгі уақыттарда жолға шықпау ескертіледі»,-делінген ТЖД хабарламасында.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 15 желтоқсанда, Алматы және Алматы облысына дауылды алдын ала ескерту хабарланды. Синопиктердің болжауынша, 16 желтоқсанда Алматы облысында жауын-шашын күтіліп, арты қарға айналады. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Мереке күндеріне ауа райы болжамы

Желтоқсаның 16-сы мен 19-ы күндері елдің барлық өңірлерінде жауын-шашын болады деп күтілуде. Солтүстікте ауа температурасы 28 градусқа дейін төмендесе, оңтүстікте 8-12 градус жылы болады.

Желтоқсан айына ауа райы болжамы

Желтоқсан айында елде жауын-шашын және қар жауады деп болжанып, айдың ортасында ауа температурасы түнде бірте-бірте төмендейді. Елдің солтүстік және орталық аймақтарында 17 градусқа дейін төмендеп, оңтүстікте 3 градусқа дейін көтеріледі. 

Қазақстан бойынша алдағы қысқа ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің ұзақ мерзімді болжауына сәйкес, республикадағы қыс ерте және қарлы болады деп күтілуде. Қаңтар айында температура көрсеткіші орташа деңгейді көрсетіп, бір градус Цельсий бойынша көзделеді. Тек, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында шамамен орташа мәнге ие көрсеткіштер болады. Ал ақпан айында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында температура көрсеткіштері орташа болып, төмен климаттық мәнге ие болады.

 

 

 

Загрузка...