Мәжіліс депутаттары Тінікеевтің өкілеттігін доғару туралы қаулыны мақұлдады

Тыныс-тіршілік
900
ҚР ОСК-ның бұл қаулысы ҚР Парламентінің төменгі палатасының жалпы отырысында қаралды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы барысында депутат Мұхтар Тінікеевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы ҚР ОСК ұсынысынан кейін мақұлданды деп, хабарлайды Today.kz тілшісі.   

«Сіздердің назарларыңызға Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеевті өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысынан кейін, ҚР Орталық сайлау комиссиясының ұсыныс жобасы: ҚР Конституциясының 52-бабының 5-тармағына сәйкес, сондай-ақ 24-бабының, атап айтқанда, 3, 4-тармақтарының «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі» туралы ҚР Конституциялық заңы. ОСК төрағасының міндетін атқарушы Владимир Фоос»,- деп ұсынысты оқыды ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев.

Аталмыш сауалға байланысты қаулы парламенттің төменгі палатасының жалпы отырысында депутаттардың дауыс беруі арқылы мақұлданды.

Жалпы отырыстың басында журналистерге сұхбат берген ОСК төрағасының міндетін атқарушы Владимир Фоос, "Нұр Отан" партиясы Тінікеевтің орнына кандидат ұсынбағанын жеткізді.

«Оның өтініші бізге кеше ғана келіп түсті. Мәжіліске керекті құжаттарды бердік. Олардың қандай шешім қабылдайтынын тек солардың құзырында. Егер орын босайтын болса, онда партия өз тізімінен қандай кандидатты ұсынатынын күтеміз. Тек сол кезде ғана біз қажетті құжаттарды қабылдаймыз. Заңға сәйкес кандидатты тек "Нұр Отан" партиясы ғана ұсына алады»,-деді спикер.

Ертеректе, шулы жағдайдан кейін, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев депутаттық өкілеттілігінен бас тартып, ҚР ОСК өтініш жазғаны белгілі болды.

Тінікеевтің қатысуымен түсірілген бейнежазба

Осыдан біраз бұрын әлеуметтік желіде Тінікеевке ұқсайтын адамның шамамен қалалық маслихат депутаты Николай Полевойды бірнеше рет жағынан ұрып, оны мазақ етіп жатқаны түсірілген бейнежазба тарап кетті. Жазбада Николай Полевой: «Мұхтар Бәкірұлы мені көтерген, мені депутат етті. Мені адам қатарына қосты. Мен сені ешқашан сатқан емеспін»,- деп айтып жатыр.

Ал, Мұхтар Тінікеев өз кезегінде осы бейнежазбадағы әрекет осыдан екі жыл бұрын түсірілген ойын екенін айтады.

Кейін, бейнежазбаның екінші қатысушысы Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырымның депутаты Николай Песков ғаламтар қолданушылары мен БАҚ өкілдеріне аталмыш оқиғаны өз ұпайларына пайдаланбауды сұрады. Полевойдың айтуынша, бұл бейнежазба Тінікеев екеуінің жеке мәселесі, ал жазба желіге түсініспеушілікпен кетіп қалған.

«Біз Мұхтар Бәкірұлы екеуміз бала кезден доспыз. Арамыздағы жағдай тек ЕКЕУМІЗГЕ ғана қатысты, басқа ешкімге емес»,-деді Николай Полевой.

Желтоқсанның 21 күні Тінікеев мәжілістің пленарлық отырысына келген жоқ. Табиғатты пайдалану және экология мәселелері бойынша комитеттің төрағасы Глеб Щегельскийдің айтуынша, Тінікеев жоспарлы медициналық тексеруден өтіп жатқан көрінеді. 

ҚР Парламент Мәжілісі төрағасы жанындағы депутат этикасы Кеңесінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов тілшілерге Мұхтар Тінікеевтің қатысуымен болған оқиға міндетті қарастырылатыны туралы уәде берді.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить