ҚР Қорғаныс министрі Шымкент және Арыс гарнизондарын тексерді

Фотография - ҚР Қорғаныс министрі Шымкент және Арыс гарнизондарын тексерді

Сурет: mod.gov.kz

Тексеру шеңберінде Жасұзақов гарнизондардың техникалық жабдықталуын мұқият зерделеп, инфрақұрылымды дамыту жағдайына ерекше назар аударды.

270 0

ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Шымкент және Арыс гарнизондарының құрамалары мен бөлімдеріне жұмыс сапарымен барды деп, хабарлайды Today.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс барысында ҚР ҚМ жаңа оқу жылындағы ағымдағы жағдай мен жауынгерлік даярлық барысы туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының баяндамасын тыңдады.

Тексеру шеңберінде генерал-полковник Сәкен Жасұзақов гарнизондардың техникалық жабдықталуын мұқият зерделеп, инфрақұрылымды дамыту мен әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударды. Одан басқа, ведомство басшысы Арыс қаласындағы техникалық қызмет көрсету және арсеналдың оқ-дәрілерін жөндеу цехін аралап шықты. Онда ол аталмыш әскери нысанды әрі қарай пайдалану, оның ішінде, олардың қызмет ету мерзімін ұлғайту мақсатында оқ-дәрілердің ресурсын қалпына келтіру мәселелері бойынша қолбасшылыққа бірқатар тапсырмалар берді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!