Талдықорған әкімшілігі қараусыз қалған балаларға көмектесті

Фотография - Талдықорған әкімшілігі қараусыз қалған балаларға көмектесті

Сурет Талдықорған әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Алты баланың анасы жұмыс істемек болып қалаға кетіп, үйіне қайтып оралмаған.

203 0

Facebook әлеуметтік желісіндегі «Талдықорғандық» парақшасында «Әке-шешенің қарауынсыз қалған балаларға көмек керек» деген хабарлама шыққан. Мекен-жайы мен байланыс нөмірлері көрсетілген жерге Талдықорған қаласы әкімдігінің өкілдері бірден барып, мәселенің мән-жайын анықтады деп, хабарлайды Today.kz жергілікті биліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16-желтоқсан күні ұлым Әділет Қожахметов пен келінім Гүлнәз жұмыс істемек болып Алматыға кетеді. Ұлым 3-күннен соң, жұмыс жоқ деп қайтып келген, ал келінім сол күйі оралмады. Оның алты баласы бар ғой»,-дейді балалардың әжесі Кәмилә Қалиева. 

Балалардың үлкені 13 жаста, ал ең кішісі бар-жоғы төртте. Отбасы 10 мың теңгеге екі бөлмелі шағын үйді жалдап тұрады.

«Мамам жұмыс істеймін деп кеткен. Әлі жоқ. Біз оны қатты сағындық. Тезірек үйге келсінші»,- дейді сегіз жасар Арнай. 

Гүлнәз Қожахметоваға іздеу жарияланды.

Жағдаймен танысқан Талдықорған қаласы әкімдігінің өкілі Асқар Тұтыбаев мұқтаж отбасына отын-көмір түсіріп берді. Сондай-ақ, үйге азық-түлік жеткізіліп, балаларға төсек жабдықтары мен жылы киім-кешек берілді. 

Фото -

«Мен ешкімнен көмек сұрамаған едім. Бірақ балалар үшін қайырымдылық жасап жатқан жандарға алғыс айтамын. Жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын» дейді балалардың әжесі Кәмилә Қалиева. 

Анықталғандай, жанұяның 4 оқушысы мектепте білім алады. Олар мектептегі ыстық тамақпен тегін қамтылған.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!