300 қазақстандық турист Стамбұл әуежайынан ұша алмай отыр

Фотография - 300 қазақстандық турист Стамбұл әуежайынан ұша алмай отыр

Көрнекі сурет

ҚР ИДМ азаматтарды елге кері қайтару үшін белсенді шараларды қабылдауда.

271 0

ҚР Инфестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығынан 300 қазақстандық жолаушы Стамбұл әуежайынан елге ұша алмай отыр деп, хабарлайды Today.kz.

«Ауа райының төтенше жағдайына байланысты (қалың қар жауу) Түркия әуежелісінің әуекомпаниялары берген ақпаратқа сәйкес, Стамбұл қаласының Ататүрік (IST) және Сабиха Гёкчен (SAW әуежайларынан әлемнің басқа елдеріне ұшатын 1000-нан астам әуе рейсі кейінге қалдырылды. Стамбұл қаласының әуежайынан 2017 жылдың 6, 7, 8, 9 қаңтар күндері Стамбұл – Алматы – Стамбұл және Стамбұл – Астана – Стамбұл бағыттары бойынша жоспарланған Түрік Әуежелісі әуекомпанияларының рейсі кейінгі қалдырылды. Сонымен қатар, кеше 9 қаңтар күні Эйр Астана әуекомпаниясының рейсі де кейінге шегертілді. Бүгін де Түрік Әуежелісі әуекомпаниясының рейсі кейінге шегертілмек»,-деп атап өтті ҚР ИДМ басшысы өзінің баяндамасында.

Ақпарат бойынша, Стамбұл әуежайында жолдан қалған Қазақстан азаматтарына тұратын орын беріліп, азық-түліктер үлестірілді.

Қасымбектің айтуынша, бүгінгі күнге жолдан қалған жолаушылардың саны 900-ге жуықтайды. Оның 600-і елге ұшып келді.

«Бүгінгі күні Стамбұл әуежайында 300 жолаушы бар. Жақын тәулікте ауа райы қолайсыз болып тұр. Қар жауады. Біз жағдайды бақылауда ұстап тұрмыз. Түрік әуе компаниялары мен авиация өкілдерімен тығыз байланыстамыз»,-деп сендірді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, министр қазақстандық азаматтарды Шарджа қаласынан кері қайтару жұмыстарының аяқталғанын айтты.  БАӘ тиісті мемлекеттік органдарына және Эйр Арабиа әуекомпаниясына ресми нота жолданды. Аталған жағдайдың салдарын талқылау үшін Эйр Арабиа әуекомпаниясының басшылығы қаңтардың 23-24 күндеріне Астанаға шақырылды. Әуекомпанияның ақпараты бойынша рейстері кешіккен барлық жолаушыларға тарифтің толық құны өтелетін болады.

БАӘ және Түркиядан Қазақстанға келетін рейстердің бөгелуі

29 желтоқсан, 2016 жылы қазақстандық жолаушылар Шарджа (Біріккен Араб Әмірліктері) әуежайында қалып қойды. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болды. Бірақ, 1 қаңтар күні қазақстандық азаматтары бар ұшақ Шарджа (Біріккен Араб Әмірліктері) қаласынан Алматыға ұшып келді.

7 қаңтарда Turkish Airlines рейстері кейінге шегертіліп,  214 адам Стамбұлдан Қазақстанға ұшып келе алмады.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!