951

Астананың 10 көшесіне жайлы кеңістіктер құрылуы мүмкін

Жобалардың бірі - Плейсмейкинг (placemaking), бұл динамикалық, орнықты және жайлы кеңістіктер құруды білдіреді.
Фотография - Астананың 10 көшесіне жайлы кеңістіктер құрылуы мүмкін

Елорданың Урбанистика орталығының мамандары Астанадағы 10 көшеде жайлы кеңістіктер құру туралы жобаны ұсынды деп, хабарлайды Today.kz елорда әкімінің сайтына сілтеме жасап. Жобалардың бірі - Плейсмейкинг (placemaking) деп аталады.

"Урбанистика орталығы Астанада плейсмейкинг орындары ретінде 10 көшені таңдаған, аталған жобалар сол көшелерде іске асырылады. Атап айтқанда, Бейбітшілік к-сі, Тілендиев к-сі, Қабанбай батыр даңғ., Абылай хан даңғ., Мұңайспасов к-сі, Тәуелсіздік даңғ., Момышұлы даңғ., Жұмабаев к-сі квадраты; Мұңайтпасов көшесіндегі саябақ, Ақбұлақ жағалауы; Ғашықтар саябағы; «Евразия» СҮ ауданы; Сулы-жасыл желекжолы",-делінген хабарламада.

Плейсмейкинг шеңберінде қысқы жобалауға айрықша басымдық берілмек. Урбанистика орталығы өкілдерінің пікірінше, дұрыс жобалаудың арқасында елорда қысқы туризм орталығына айналуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ, елордада алғашқы Урбан форумын өткізу жоспарланып отыр.

Орталық басшысының айтуынша, аталған форум қалалық жоспарлау, экология және экономика салаларында шетелдік сарапшылармен тәжірибе алмасу алаңына айналуға тиіс.