907

Көктайғақ пен боранға байланысты Жамбыл облысында жолдар жабылды

Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолындағы қозғалысқа шектеу енгізілді.
Фотография - Көктайғақ пен боранға байланысты Жамбыл облысында жолдар жабылды Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысындағы тас жолдар жабылды деп, хабарлайды Today.kz «Қазақавтожол» РМК-ға сілтеме жасап.

Көктайғақ пен боранның соғуы және жолдың нашар көрінуіне байланысты Батыс Еуропа – Батыс Қытай (158-240 километр) тас жолындағы барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. Ескі «Қордай» асуы арқылы айналып өту ұйымдастырылған.

Ертеректе синоптиктер наурыздың 4-і мен 6-сы күндеріне ауа райын болжаған болатын. Бұл күндері ауа райы құбылмалы болғанымен, жауын жаумайды. Тұман түсіп, көру мүмкіндігі 200-500 метрге дейін нашарлайды.

Наурыз айына ауа райы болжамы

Today.kz редакциясы 2017 жылдың наурыз айына ауа райы болжамын Gismeteo.kz негізінде дайындады. Қазақстанның басым бөлігінде нағыз көктемгі ауа райы болады. Жалпы наурызда ауа райы күндіз жылы болып, түнге қарай кішігірім аяздың болуымен ерекшеленеді. 

Загрузка...