Әкімшілікте Астананың символына арналған байқаудың екінші кезеңі жарияланды

Тыныс-тіршілік
972
Ұсынылған жұмыстардың барлығы Астананың туристік символына қойылған талаптарға сәйкес келмейді деп танылды.

Ұсынылған жұмыстардың барлығы Астананың туристік символына қойылған талаптарға сәйкес келмейді деп танылды. Осыған орай байқаудың екінші кезеңін өткізу туралы шешім қабылданды.

Ертеректе ұсынылған жұмыстардың талапқа сәйкес келмейтіндігі мен Астанаға туристік символдың не үшін қажет болып тұрғандығын Today.kz сайтына Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов мәлімдеді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 23 желтоқсанда байқаудың басталғандығы туралы хабарланған болатын. Жұмыстар 28 қаңтарға дейін қабылданды. Барлығы 142 қатысушы өз идеяларын ұсынды.

«Комиссия сәулетшілердің, дизайнерлердің, урбанистердің, тарихшылардың қатысуымен жеті рет бас қосты. Жұмыстар бірнеше рет қаралды, жалпы бүкіл Қазақстаннан 140-тан аса өтініш түсті, барлық материалдар зерттелді, алайда барлығымыз ортақ пікірге келе алмадық, нәтижесінде үздік жұмыстарды анықтау мүмкін болған жоқ», - деп түсіндірді Каналимов.

Қазылар алқасының пікірінше, ұсынылған жұмыстардың авторлары идеяның мәнін толықтай ашып, жеткізе алмаған, сонымен бірге, техникалық және көркемдік өлшемдер бойынша жетілдіруді қажет ететін нобайлар да бар. Жұмыстарды студенттер, оқушылар, кәсіби дизайнерлер, сәулетшілер, мүсіншілер және суретшілер ұсынған.

«Техникалық талаптарға сәйкес жұмыстардың сапасы мен мағынасы үйлесіп тұруға тиіс. Біз елді мекен, аудан емес, әлемге танымал елордамыз туралы айтып отырмыз. Сол себепті қаланың символдық белгісі де заманға сай, тез танылатын және түсінікті болуы тиіс. Ұсынылған жұмыстардың ішінде қызықты кәсіби идеялар болды, бірақ кейбірінде қазақи стилистиканы, менталитетті айқындау қажет болса, басқаларында тарихи құндылықтар көрініс таппаған. Сол себепті біз оларды жалпыхалықтық дауыс беруге шығара алмадық», -  деп мәлім етті қазылар алқасының мүшесі Сағындық Жанболатов.

Барлық жұмыстар бәсекеге қабілетті болуы тиіс, дейді қазылар алқасының мүшелері. Байқауғақатысатын жобалар 20 күн бойы сәуірдің 5-іне дейін қабылданатын болады. Ұйымдастырушылар конкурстың екінші кезеңінде белсенділік танытып, сапалы жұмыстарын ұсынатындарына сенімді.


 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить