Астананың қай жеріне жаңа көгалдандыру нысандары салынады

Тыныс-тіршілік
1331
Қалада 19 көгалдандыру нысанын салу жоспарланып отыр.

Астанада 2017 жылдың аяғына дейін бірқатар көгалдандыру нысандары салынады деп, хабарлайды Today.kz қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қ. Жалайри көшесінде саябақ құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, Көктал-1 тұрғын алабында, Еңлік-Кебек көшелерінің ауданында және жобалық атаулары № 12-105, № 12-102 және 167 көшелерінде бақтың құрылысы бітеді.

Бұған қоса, Астана қаласы әкімінің тапсырмасын іске асыру шеңберінде Басқарма 19 көгалдандыру нысанын, соның ішінде 3 желекжол мен 16 саябақ салуды жоспарлап отыр. Олар апатты-ескі үйлердің орнына салынады.

Сарыарқа ауданы бойынша 12 нысанды пайдалануға тапсыру көзделген. Атап айтқанда, Біржан сал көшесінде №5 үйдің ауданында саябақ отырғызылады, С. Сейфуллин көшесіндегі №31 үйдің ауданындағы саябақ қайта жөнделіп, Желтоқсан көшесіндегі № 2 үйдің маңында жаңа саябақ салынады. Сондай-ақ, Суворов көшесінде № 12 және 14 үйлердің ауданында саябақтар, І. Есенберлин көшесінде № 36 үйдің ауданында, Республика даңғылы мен Дүкенұлы көшесінің қиылысында саябақтар салынады. Жедел жәрдем станциясының ауданындағы, Ә. Молдағұлова көшесіндегі, 9 мамыр көшесінде № 19 және № 21 үйлердің маңындағы, Бөгенбай батыр даңғылы және Жеңіс даңғылының қиылысындағы саябақтарды жөндеу жоспарланған. Бұған қоса, Жеңіс даңғылының Ә. Жангелдин көшесімен қиылысында («Азат» дүкені және «Цеснабанкке» қарсы), Сарыарқа даңғылында №23 үйдің ауданында («Астана» СК) жаңа саябақтар салынады; Жеңіс даңғылының бойымен  № 36/1 (Бөгенбай батыр даңғ. сыртында) үйдің маңында жаңа бульвар орын тебеді.

«Алматы» ауданы бойынша 7 нысан бой көтереді: Кенесары көшесінде Егемен Қазақстан газеті көшесінен Бейсекбаева көшесіне дейінгі аралықта («Меркур» автосалонының маңы) бульвар салынады; А. Пушкин көшесінде, №15Б үйдің ауданында және Б. Майлин көшесінде №9 үйдің маңында саябақ салынады. Абай даңғылында, Сембинов көшесінен Егемен Қазақстан газеті көшесіне дейінгі аралықта («Реал» дәмханасының ауданы) да жаңа саябақ орын тебеді; Абай даңғылында Күлтөбе көшесінен Сембинов көшесіне дейін және Егемен Қазақстан газеті көшесінен Б. Бейсекова көшесіне дейін (Сенім Банк және Еуразиялық банк аудаынжа) жаңа бульвардың құрылысы жоспарланған; Р. Қошқарбаев, 66 көшесінде (№1 қалалық аурухананың аумағында), Тәуелсіздік, 3/1 мекен-жайы бойынша (№2 перинаталдық орталықтың аумағында) жаңа саябақтар салынады.

Әкімшіліктің ақпаратына сәйкес, жергілікті ауа райының ерекшеліктерін ескере отырып, қаланың аумағында күрт өзгермелі климаттық жағдайларға бейімделген ағаштар (терек, қызыл тал, қайың, үйеңкі, қарағай, шырша, қарағаш, жиде) отырғызылады. Бүгінгі күні қаладағы ағаштардың саны 369 данадан асады. Көгалдандыру шаралары, бақтар мен саябақтар салу және жаңа құрылыс нысандарының аумағын көгалдандыру аясында олардың саны күн санап артып келеді. Елордада отырғызылатын ағаштардың жерсінуінің орташа көрсеткіші 92 пайызды құрайды.

Бүгінгі күні тұрғындардың серуендеп, демалуы үшін Астанада жалпы ауданы 401,29 га болатын 10 бақ, ауданы 30 га 4 желекжол мен жалпы ауданы 131,94 га 90 саябақ бар.

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить