2018

Баян Есентаева бұрынғы күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындады

Бұл туралы продюсердің сұхбаты кезінде белгілі болды.
Фотография - Баян Есентаева бұрынғы күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындады Сурет: ©Алмас Төлеке

Танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың көзіне шөп салғанын әңгімелеп берді. 365info.kz порталының ақпараты бойынша, оның себебін ол кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке ғашық болғандығымен түсіндірді деп, хабарлайды Today.kz.

Журналист сұхбат барысы кезінде продюсерден оның күйеуіне деген опаздығы жайында сұрады.

«Мен не туралы әңгіме болып отырғандығын түсінемін. Ия, мен оған опасыздық жасадым»,-деп жауап берді Баян Есентаева-Мақсатқызы.


Өз кезегінде сұхбат алушы күйеудегі әйелдің не себепті шөп салғаны туралы сұрады.

«Мен тек өз атымнан ғана айта аламын. (…) Мен 22 жыл бойы некеде болдым. Бұл бүтін бір өмір. Мен бар өмірімді бірінші некеге арнадым. Мен Тұрсенді кездестіргенде ештеңенің керегі болмай қалды. Бұл махаббат. Махаббатта ешқандай ереже, ешқандай шекара болмайды. Кейде ақылдың да керегі шамалы болып қалады. Есіңнен айырылып қаласың»,-деп түсіндірді Есентаева-Мақсатқызы.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Тұрсен Алагөзов Instagram әлеуметтік желідегі жеке парақшасына продюсердің неке көйлегімен түскен суретін салған болатын.

Загрузка...