1266

7 мамырда елордада Astana Taxi бірыңғай қызметі іске қосылады

Астана қаласында 100 жаңа такси-көліктерінің кілті табыс етілді.
Фотография - 7 мамырда елордада Astana Taxi бірыңғай қызметі іске қосылады Сурет: today.kz

Астана қаласында 100 жаңа такси-көліктерінің кілті табыс етілді деп, хабарлайды Today.kz. Көліктер біріңғай ASTANA TAXI жүйесімен жұмыс істейді.

Фото -

ЭКСПО көрмесінің қарсаңында қала жолдарына тағы 300 жаңа автокөлік пен қолданыстағы таксомоторлы компаниялардың 300 көлігі шығады.

Фото -

Қалалық және мобильді байланыс арқылы 15 800 нөмірі арқылы қосылуға мүмкіндік беретін бірыңғай Call Center жұмсы істейді. Барлық автокөліктер бір стильде безендіріледі.

«Такси операторларында сапар үшін ең төменгі баға 750 теңге болса, қазір төменгі сомасы 500 теңгені құрайды. Әрбір шақырым 100 теңге болса, қосымша минут– 15 теңге болып отыр. Әкімшіліктен әуежайға дейін, екі мың теңгені құрап отыр. Алдын ала төлемді мобильді байланыс арқылы жүзеге асыруға болады.», - деді Астананың Көлік жүргізушілер қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов.

Фото -

Әрбір таксиде таксометрлер бар. Карточкамен төлеу жасау үшін POS терминалдар жұмыс істейді.

Болашақта жоба авторлары төлемдерді Qiwi-кошелек немесе мобильді телефон арқылы іске асыруды жоспарлап отыр.

7 мамырда такси қызметі іске қосылады.

Фото -

Елорда тұрғындары мен қонақтары қызметтің сапасы мен жүргізушілердің тәртібі туралы өздерінің пікірлерін бірыңғай Call Center-дің 15 800 нөмірі арқылы білдіре алады деп, сөзін толықтай түсті Медет Құрманов.

Загрузка...