1296

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Елордада «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды Сурет: ©Әлібек Махметов

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етіп, «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қойды деп, хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Шараның аса маңызды қонақтары сөз жоқ, Ұлы Отан соғысының ардагерлері болды.

Фото -

Фото -

Фото -

Қаза болғандарды еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды.

Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлеріне алғыс айтып, оларды құттықтады, сондай-ақ жауға қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығын атап өтті.

Фото -

«Соғыс ардагерлері біздің бақытты өмірімізге, тәуелсіздігімізге және аспанымыздың ашық болуына жол ашты. Біз бүгін «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қойып, халқымыздың майдандағы және тылдағы қаһармандығы мен еңбегіне деген зор құрметімізді білдіреміз. Қаза тапқандардың қатарында қазақстандықтар да болды. Республикамыздың 6 миллион халқының 20 пайызы майданға аттанды. Олардың жартысы қайта оралған жоқ», – деді Қазақстан Президенті.

Фото -

Елбасы Жеңістің Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы маңызды рөліне тоқталып, оған ел халқының бірлігі арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

«Біздің ардагерлерге деген құрметіміз олардың ұлы ерлігінен кем түспеуге тиіс. Жеңіске ең алдымен еліміздегі барлық халықтың бірлігінің, бауырмалдығының және достығының нәтижесінде қол жетті. Біз қазір де осы ұранмен өмір сүріп келеміз», – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен тағы да құттықтап, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.

Загрузка...