705

ҚР Қорғаныс министрі ҚХР қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті

Келіссөз барысында тараптар өңірдегі және әлемдегі қауіпсіздіктің ортақ мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Фотография - ҚР Қорғаныс министрі ҚХР қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті Сурет ҚР ҚМ баспасөз қызметінен алынды

Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов пен Қытай Халық Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Чан Ваньцюанның екіжақты кездесуі өтті деп, хабарлайды Today.kz ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөз барысында тараптар екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірдегі және әлемдегі қауіпсіздіктің ортақ мәселелері жөнінде пікір алмасты. 

Бүгінгі таңда екі мемлекеттің көшбасшыларының жіті назарының арқасында Қазақстан мен Қытай қорғаныс ведомстволары арасындағы қарым-қатынас сенімді жәнеілігерілемелі бағытта қалыптасуда.

Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ ҚМК отырысы алаңында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше мемлекеттерінің қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды әрі қарай дамыту перспективалары қаралған болатын. Оның қорытындысы бойынша 2018 – 2019 жылдарға арналған ШЫҰ мүше мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастық жоспары бекітілді.