670

Астана көшелеріне алты заманауи дәретхана орнатылды

Астанада шағын, әрі заманауи келбетке сай жаңа қоғамдық дәретханалар орнатылды.
Фотография - Астана көшелеріне алты заманауи дәретхана орнатылды Сурет Астана әкімдігінің медиа-орталығынан алынды

Елордада бірден алты модульді дәретхана орнатылды, деп хабарлайды Today.kz  қала әкімдігінің медиа-орталығына сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні Астанада алты модульді дәретхана орнатылды: «Арай», «Ғашықтар» саябақтары, теннис алаңының аумағы, орталық саябақ, «Көрме» орталығы мен "ЭКСПО-2017" көрмесінің аумағына жақын Ұлы дала даңғылы», - деп хабарлады "CLC Company" ЖШС мердігер мекеменің директоры Евгений Чирьев, медиаорталық тілшісіне. 

Жаңа қоғамдық дәретханалар шағын әрі заманауи келбетте, ал ең бастысы - экологиялық стандарттарға сай. Қондырғы екі шағын кабинадан тұрады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы пандустар орнатылған, сұйық сабын мен қағаз орамалдарға арналған диспенсерлер де бар.

«Қоғамдық дәретханалар келушілер үші тегін»,-деп сендірді елорда әкімдігі.

«Өндіруші ел – Ресей. Мұндай үлгідегі қондырғылар Мәскеу, Санкт-Петербург сынды Ресейдің көптеген қалаларында бұрыннан қолданылады. Сыртқы келбеті мен құрылғысы қарапайым болғанымен қолайлы әрі берік, - деді мердігер мекеменің өкілі.

Аталған үлгідегі қондырғылардың ерекшелігі сонда, оларды жыл бойы қолдануға беруге болады әрі Астана қаласының климаттық жағдайына бейімделген. Дәретхана кабиналары сағат сайын тазартылады.