717

Маусымның 24-і күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі.
Фотография - Маусымның 24-і күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Сурет: ©Андрей Чеботарев

Синоптиктер Қазақстанда маусымның 24-і күні болатын ауа райын болжады. Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

ҚР екі өңіріне дауылды алдын ала ескерту хабарланды. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында күн ыстық болады.

Республикада орташа ауа температурасы 25-27 градус, тек, елдің батыс бөлігінде 22-24 градус ыстық болады.

Астанада метеорологтар күн бұлтты болып, жауын мен найзаға болады деп болжап отыр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Ал Алматыда түнде 19-21 градус, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Загрузка...