1084

Ыстық ауа райына байланысты ҚР төрт өңіріне ескерту жарияланды

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасының 45 градусқа дейін көтерілуі күтілуде.
Фотография - Ыстық ауа райына байланысты ҚР төрт өңіріне ескерту жарияланды Сурет: today.kz

Күннің 45 градусқа дейін ыстық болуына байланысты Қазақстанның төрт өңіріне ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің сайтында мәлімделді деп, хабарлайды Today.kz.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында күннің қатты ыстық болуы күтілуде.

«5-7 шілде күні күндіз Қызылорда, 6-9 шілде күні Оңтүстік Қазақстан облыстарында күннің қатты ыстық болуы күтіліп, ауа температурасы 42-45 градусқа дейін көтеріледі. 6-9 шілде күні күндіз Жамбыл облысының кейбір жерлерінде күн қатты ыстық болып, ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі. 6-9 шілде күні күндіз Алматы облысының кейбір жерлеріндекүн қатты ысып, ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі»,-делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 4-6 шілде күндері Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады, найзағай кезінде екпінді жел және ауа температурасы қалыпты нормаға жуық болады деп болжануда. Қазақстанның қалған аймақтарында ыстық ауа-райы әліде сақталады, термометр көрсеткіштері кей жерлерде 38-43 градусқа дейін жоғарылайды.