657

«Астана-РЭК» электр қуатының уақытша сөндірілу себебін түсіндірді

None
Фотография - «Астана-РЭК» электр қуатының уақытша сөндірілу себебін түсіндірді Көрнекі сурет

Астанада электр желілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, шағын станциялар жабдықталуда. Сол себепті қаланың кейбір аудандарында электр қуаты жоспарлы ажыратылады. Бұл туралы «Астана-РЭК» АҚ өндіріс бойынша басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сейіл Менкин мәлімдеді деп, хабарлайды Today.kz Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жөндеу науқаны аясында жоспарланған шаралардың барлығы қатаң кесте бойынша жүргізілуде. 

«15 қазанға дейін біз күз-қыс мерзімдеріне дайындығымыз жөнінде ҚР Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінен төлқұжат алуды жоспарлап отырмыз», - деді С.Менкин.

Халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізу аумағында электр қуатын жоспарлы сөндіру болмайды. 

«Бұл ауданда бізде жаңа құрылғы және сенімді электрмен жабдықтау сызбасы қарастырылған», - деп жалғады сөзін С.Менкин.

Жөндеу жұмыстары кезінде электр қуатының уақытша сөндірілу бойынша белгіленген тәртібі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады. Маманның айтуынша, елордалық тұтынушыларға тек апаттық жағдайларда немесе сирек сағат 21:00-ден электр қуатын беру тоқтатылады.

Жоспарлы ажырату қарастырылған аудандар туралы ақпарат «Астана-РЭК» АҚ сайтында, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған.

Загрузка...