717

Астанада үлескерлерді қолдау орталығы жұмысын бастайды

Жаңа ұйым Сейфуллин көшесі, 188 үйіндегі ХҚКО ғимаратында жұмыс істейді.
Фотография - Астанада үлескерлерді қолдау орталығы жұмысын бастайды Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Астанада үлескерлерді қолдау орталығы жұмысын бастайды. Орталықтың жұмысы өтініштер мен шағымдарды қабылдауға, өтінімдерді, қылмыстық, əкімшілік және азаматтық істерді (оның ішінде жауаптардың көшірмесін беру) қарау туралы мәлімет беруге, тұрғын-үй құрылысында үлескерлік қатысу саласындағы қолданыстағы Заңнаманы түсіндіруге бағытталған деп, хабарлайды Today.kz елордалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елордада прокуратураның бастамасымен үлескерлерді қолдау орталығын құру ұсынылуда. Ол Астана қаласы, Сейфуллин көшесінің басындағы (188 көше) ХҚКО ғимаратында орналасады. Енді азаматтар мемлекеттік органдардың əкімшілік ғимараттарында кезек күтіп тұрмайды. Барлығы бір жерде - бір терезе қағидасы бойынша болады» - деп хабарлады Facebook əлеуметтік желісінде Бас прокуратура департаментінің аға прокуроры Ринат Əтембеков.

Үлескерлік құрылыс сұрақтары бойынша барлық азаматтарды Астана қаласы əкімдігінің қызметкерлері қабылдайды.