643

18 шілде күні Астанада көлік қозғалысына шектеу қойылады

Сондай-ақ, бұл күні Қазақстан астанасында корей эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.
Фотография - 18 шілде күні Астанада көлік қозғалысына шектеу қойылады Көрнекі сурет

18 шілде күні Астанада көлік қозғалысына шектеу қойылады деп, хабарлайды Today.kz қала әкімшілігінің сайтына сілтеме жасап. Сағат 20.00.-де «Астана Арена» стадионында «АСТАНА» және «СПАРТАК ЮРМАЛА» командалары арасында футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының екінші кәсіби раунды өтеді. Оған қоса «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрменің аясында 18 шілдеде сағат 19.30-да «Сарыарқа» велотрегінде корей эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Осыған байланысты 18 шілдеде сағат 18.00.-ден бастап Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары бойынша, Керей Жәнібек көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Шектеу шара аяқталғанға дейін жалғаспақ. Көлікпен Мәңгілік Ел, Түркістан және Ақмешіт көшелері бойынша жүруге кеңес беріледі.

Қала тұрғындары мен қонақтары стадионға қоғамдық көліктің 12 түрімен жете алады:  № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 505, 506.

Сағат 18.00.-ден қаланың 4 нүктесінен «Астана Арена» стадионына апаратын футбол жанкүйерлері мен концерт көрермендері үшін арнайы автобус ұйымдастырылады. Автобустар «Қазақстан» СС тұрағы, «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы мен астаналық цирк аумағында ұйымдастырылады. Жол ақысы – 90 теңге, жол билеттері жарамсыз.

Ойындар мен концерттен кейін қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 қоғамдық көліктерімен жетуге болады. Сағат 21.00.-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы бойынша орналастқан стадионның тұрағы мен «Астана Арена» Стадионы» аялдамасына арнайы автобустар ұйымдастырылмақ. «Астана Арена» стадионының тұрағына ресми қалалық такси тасымалдаушылары келеді.

Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі көлік жүргізушілерге сол күні жол кептелістеріне тап болмас үшін арнайы бағытты алдын ала ұйымдастыруға кеңес береді.

Загрузка...