1172

Астанада қағаз жинайтын 700-ге жуық арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

Әкімдіктің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта елорда аумағында 9 мыңнан астам түрлі қоқыс жәшіктері орнатылған.
Фотография - Астанада қағаз жинайтын 700-ге жуық арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады Көрнекі сурет

Астанада жыл соңына дейін қағаз жинайтын 700-ге жуық арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады деп күтілуде, деп хабарлайдыToday.kz елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

«Бүгінде Астана қаласының әкімдігімен қоқыстарды бөліп жинау жүйесін енгізу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Халық бұл бастаманы әу-бастан ақ қолдады. Бұл бағыт шеңберінде жыл соңына дейін қағаздарды жинау үшін 700 арнайы қоқыс жәшіктерін орнату жоспарлануда», - деді медиа орталық тілшісіне қала әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы Мирас Ғайсин.

Оған қоса, елордада электр жарығын үнемдейтін құрамында сынап бар шамдарды жинау және жою бойынша жобалар іске асырылуда.

Бүгінде Астанада бұндай контейнерлердің 700-ден астамы орнатылды. Әрі қарай өндіру үшін бұл шамдар тамақ қалдықтарынан бөлек жиналып, сұрыпталып арнайы сарғылт түсті жәшіктерге салынады.

Өз кезегінде сары түсті қоқыс жәшіктері пластик қалдықтары үшін арналған. Қазіргі уақытта тұрғын-үйлердің аулаларында бұндай контейлердерің 600-ден астамы бар. Барлық жиналған пластик әрі қарай өндіру үшін қоқыс өндіру зауытына жөнелтіледі.

Қалдықтар сұрыпталып, брикеттеледі. «Көріп тұрғандай, бұл контейнерлер күн сайын толады. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл жобаны қолдап, елорданың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлестерін қосады деген сенімдеміз», - деді Мирас Ғайсин.

Әкімдіктің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта елорда аумағында 9 мыңнан астам түрлі қоқыс жәшіктері орнатылған. Бұған дейін әкімдіктің медиа орталығынан хабарланғандай, Астанада маусым айында тұрмыстық қатты қалдықтарды сыртқа шығаратын компания ауысты. «Астана-Тазарту» компаниясының орнына арнайы базасы мен техникасы бар «Clean City NC» ЖШС келді. 

Загрузка...