626

Астанада әзірге жануарға тұмылдырық кигізбегені үшін иесіне айыппұл салынбайды

Жаңа ережеге сай жануарлармен елорда аулаларында, балалар алаңдарында жүруге рұқсат етілмейді.
Фотография - Астанада әзірге жануарға тұмылдырық кигізбегені үшін иесіне айыппұл салынбайды Көрнекі сурет

Астанада әзірге жануарға тұмылдырық кигізбегені үшін иесіне айыппұл салынбайды деп, хабарлайды Today.kz елорда әкімшілігінің медиаорталығына сілтеме жасап. Жаңа ережеге сай Астанада жануарларды қысқа қарғыбауда және тұмылдырықта арнайы орындарда серуендету рұқсат етілген.

Алайда қалада әлі үй жануарларын серуендетуге арналған арнайы орын қарастырылмағандықтан жануардың иесіне айыппұл салынбайды, оған ескерту берумен шектеледі.

«Ережеде ит қысқа шылбырда және тұмылдырықта серуендетуге арналған орында жүру керектігі айтылған. Астанада әзірге ондай бірде-бір орын жоқ. Кез келген полицей егер итпен тұмылдырық тақпай жүрсе немесе ұзын қарғыбау тағып қойса, тоқтатып, әкімшілік құқықбұзушылықты бұзғаны туралы құжат рәсімдеуге құқылы. Бірақ ит әрдайым тұмылдырықта жүре алмайды, ол еркін серуендеу үшін босату керек. Алайда бізде ондай орындар жоқ»,- деді Қазақстан кинологтар одағының төрағасы Александр Белоненко.

Бұдан бөлек, А.Белоненко өз жануарының соңынан қалдықтарды жинап жүру қажеттілігін және екпе төлқұжаты болуы керектігін айтады. Егер қоршаған ортаны ластаған жағдайда иесі қағаз немесе полиэтилен пакетке жинауы тиіс. Олай етпеген жағдайда әкімшілік айыппұл арқалауы мүмкін немесе ескерту алады.

Ит-мысықтарды тоғандарда, фонтандар мен су жиналатын орындарда шомылдыруға болмайды.

Ит иесі далаға шығарар алдында иесінің байланыс мәліметтері жазылған шылбыр тағуы керек. Егер үй жануары жоғалған немесе қаңғыбас иттерге арналған орынға түскен жағдайда иесін қарғыбауына қарап оңай тауып алуға болады.

Сонымен қатар, үй жануарының денсаулығы туралы ветеринарлық төлқұжаты болады және тұрақты екпе алып тұруы тиіс. Ветеринарлардың ұсынысы бойынша, жылына бір рет құтырма және үш ай сайын паразиттерге қарсы екпе жасалуы керек.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Астанада иттер мен мысықтарды серуендетудің жаңа ережесі құрылды. Жануарлармен аулалар мен балалар алаңқайларында қыдыруға рұқсат етілмейді.