688

Тамыздың 1-і күні Қазақстанның бірнеше өңірлерінде дауыл соғып, бұршақ жауады

Облыстардың басым бөлігінде ауа температурасы 3-7 градус климаттық нормадан жоғары болады.
Фотография - Тамыздың 1-і күні Қазақстанның бірнеше өңірлерінде дауыл соғып, бұршақ жауады Көрнекі сурет

Тамыздың 1-і күні Қазақстанның басым аумағында 3-7 градус климаттық нормадан жоғары болады. Кейбір жерлерде жауын жауып, дауылды жел соғып, бұршақ түседі деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарның кейбір жерлерінде өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 25 метр болатын жел соғады.

Жекелеген аудандарда найзағай ойнап, дауыл соғады. 

«Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, таңертең және күндіз Қостанай облысының кейбір жерлерінде секуындына 15-20 метрге дейін жететін жел соғып, бұршақ және дауыл соғуы мүмкін»,-делінген хабарламада.

Оңтүстік Қазақстан және күндіз Қызылорда облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетіп, шаңды боран соғуы мүмкін.

«Жамбыл облысының кейбір жерлерінде күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Павлодар, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлеріне тұман түседі»,-деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

 

 

 

 

 

 

Загрузка...