672

36 градустық ыстық Астанада күтіледі

Тамыздың 4-і күні елордада өткінші жауын жауады.
Фотография - 36 градустық ыстық Астанада күтіледі Сурет: ©Арман Мұқатов

Астанада 2-4 тамыз аралығында күннің қатты ыстық болуы болжанып отыр. Алдағы үш тәулікте елордада ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі деп, хабарлайды Today.kz қалалық әкімшілік сайтына сілтеме жасап.

Тамыздың 2-і күні оңтүстік-шығыстық және секундына екпіні 9–14 метр болатын оңтүстік жел күтіледі.

Тамыздың 3-і күні күн бұлтты болып, жауын жаумайды. Жылдамдығы секундына 7-12 метр болатын оңтүстік-батыстық жел соғады.

Тамыздың 4-і күні күн бұлтты болып, күндіз өткінші жауын жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жылдамдығы секундына 9-14 метр болатын оңтүстік-батыстық жел соғады.