1410

Тамыздың 8-10 аралығында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Антициклонның орнына Таймыр аудандарынан терең және ылғалды циклон келіп, соның әсері Қазақстан аумағына жаңбыр және салқын ауа алып келеді.
Фотография - Тамыздың 8-10 аралығында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Сурет: ©Андрей Чеботарев

Антициклонның орнына Таймыр аудандарынан терең және ылғалды циклон келеді, соның әсері Қазақстан аумағына жаңбыр және салқын ауа алып келеді. Сондай-ақ кейбір аудандарға бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Елдің солтүстігінде ауа температурасы 18-23 градусқа дейін төмендейді, кейбір жерлерде 26 градусқа дейін жылы. Батыста, шығыс және оңтүстікте ауа температурасы 30-38 градусқа дейін көтеріліп, жылы болады.

Астана қаласына ауа райы болжамы 

Тамыздың 8-і күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 10 метр болады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 26-28 градусқа дейін көтеріледі.

Тамыздың 9-ы күні көшпелі бұлт, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 28-30 градус жылы болады деп күтіледі.

Тамыздың 10-ы күні көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Алматы қаласына ауа райы болжамы 

Тамыздың 8-і күні көшпелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Жел жылдамдығы секундына 0-5 метр болады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін көтеріледі.

Тамыздың 9-ы күні көшпелі бұлт шығып, жауын шашынсыз болады. Жел жылдамдығы секундына 0-5 метр болады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 33-35 градус жылы болады.

Тамыздың 10-ы күні көшпелі бұлт шығады, күндіз өтпелі жауын жауады, найзағай жарқылдайды. Жел жылдамдығы секундына 0-5 метр болады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 33-35 градус жылы болады.

 

 

 

Загрузка...