796

19-21 тамыз аралығында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Антициклон өзімен бірге өткінші жауын мен найзағай әкеліп, оңтүстік өңірлерде желдің екпіні күшейеді.
Фотография - 19-21 тамыз аралығында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Сурет: ©Алмас Төлеке

19-21 тамыз Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыдай антициклонның ықпалында болады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік аймақтарда желдің екпіні күшейеді деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Елдің батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс жартысында жақын күндері жауын-шашынсыз ауа-райы, күндіз термометр бағанасы 28-37 дейін жылуды көрсетеді.

Республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс жартысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауып, желдің күшеюі, бұршақтың түсуі мүмкін, негізгі түнгі температуралық фон 2-12 жылы, күндіз 20-32 дейін жылыға жоғарылайды.

Оңтүстік аймақтарда желге байланысты дауылдық ескерту жарияланған. Қызылорда облысында 19 тамызда солтүстік-шығыс, солтүстік желдің күші секундына 15-20 метр болып сақталады. Оңтүстік-Қазақстан облысында 18-20 тамызда тәулік бойы солтүстік-шығыстан секундына 17-22 метр соққан желдің күшеюі сақталады.

Загрузка...