732

Қазақстанда жедел-стратегиялық оқу-жаттығу басталды

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қарулы Күштерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірді.
Фотография - Қазақстанда жедел-стратегиялық оқу-жаттығу басталды Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

ҚР Қарулы Күштерінде «Қаратау – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы басталды деп, хабарлайды Today.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың бұйрығы бойынша Қарулы Күштер мен әскер тектері барлық түрлерінің құрамалары мен бөлімдері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. «Қаратау – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуына шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс өңірлерінде орналасқа құрамалар мен бөлімдер тартылды.

Оқу-жаттығуға барлығы 10 мыңға жуық әскери қызметші, 1500-ден аса бірлік жауынгерлік техника, 40-тан аса ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ Әскери-теңіз күштерінің корабльдері қатысуда.

Жауынгерлік әзірлікке келтірілгеннен кейін әскери басқару органдары оқу-жауынгерлік тапсырмаларын алып, белгіленген аудандарға бөлімшелерді жедел алмастыруға кірісті. Бұл ретте әскерлерге бейтаныс жерде әрекет етуге тура келеді. Оқу-жаттығудың түпкі ойы бойынша күрделі жедел-тактикалық жағдай қарастырылған. Ол арқылы қолбасшыларға анағұрлым мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ал бөлімдер мен бөлімшелерге ұрыс алаңында шартты қарсыласқа шебер тұрғыда төтеп беру қажет болады.

Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес «Қаратау – 2017» оқу-жаттығуына жетекшілік ету Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевке тапсырылды.

«Аталмыш оқу-жаттығудың ерекшелігі 4 бағытта әскерлердің ірі топтамасын бір уақытта басқару, Қарулы Күштер, әскер тектері, жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері барлық түрлерінің өзара іс-қимыл жасауы, сондай-ақ әскери барлау күштері мен құралдарының мүмкіндіктерін тексеру болып табылады», - деді оқу-жаттығу жетекшісі генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.


Загрузка...