1526

14-16 қыркүйек күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кейбір жерлерінде үсік жүруі мүмкін.
Фотография - 14-16 қыркүйек күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Сурет: ©Андрей Чеботарев

Қазақстанда жақын күндері ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Атлантикадан келетін жылы ауа райы елге батыстық ауа ағымдарын алып келеді. 14-16 қыркүйек күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кейбір жерлерінде үсік жүруі мүмкін деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Елдің батысында синоптиктер өткінші жауын жауады деп болжап отыр. Сондай-ақ, 14 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында шаңды дауыл болып, секундына 20 метр болатын батыстық жел соғып, найзағай ойнауы мүмкін.

14 қыркүйекте, түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде үсік жүріп, ауа температурасы үш градусқа дейін төмендейді.

15-16 қыркүйекте, күндіз Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы 20-28 градус жылы болып, оңтүстікте ауа температурасы 26-31 градусқа дейін көтеріледі.

Загрузка...