2143

Астанада сыртында Ресей әнұраны бар дәптер сатылып жатыр

Оқиғадан ҚР білім министрі Ерлан Сағадиев те хабардар.
Фотография - Астанада сыртында Ресей әнұраны бар дәптер сатылып жатыр Сурет ашық дереккөзден алынды

Астана тұрғыны соңғы бетіне Ресей әнұраны бар дәптердің сатылып жатқаны үшін шағымданды. Бұл туралы Айгөлек Жанасылова есімді фейсбук қолданушысы "Астана мақтау/даттау" тобына жазды, деп хабарлайды Today.kz.

"Аталған өнімнің бұдан әрі сатылмауы үшін жазып отырмын. Бұлай етуге болмайды. Балалар түрлі ақпаратты сіңіріп алатын сорғыш тәрізді, олар жеткілікті түрде сараптама жасай алмайды. Менің бес балам бар, бала тәрбиесінде тәжірибем жетерлік. Мектепте жаттататын әнұран мен дәптердегі әнұран. Мида Ералаш пен... сұрақтар" - деп жазды Жанасылова. 

SMALL сауда үйіндегілер бұл ақпараттың тексеріліп жатқанын айтты. Астана тұрғынының шағымын олар әлеуметтік желіден білген. 

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те бұл оқиғадан құлағар. Ол мән-жайды анықтауға уәде берді.

Загрузка...