Мен қалай Лондонды тәпішкемен араладым?

Тыныс-тіршілік
3200
Қолымдағы кружкіммен, аяқтағы тәпішкімен далаға шықтым да кеттім...

Таңертең тұрып, әдеттегідей асүйге түсіп, кофемді қайнатып, кружкімді көтеріп, бөлмеме қайтып келсем... есігім ашылмайды. Кәдімгідей, ашылмайды. Тұтқаны бұраймын, жұлқылаймын... итеріп көрдім, теуіп көрдім, басыммен ұрғыладым... міз бақпайды. Қайтадан асүйге жүгіріп түсіп, пышақ әкеліп ашпақ болдым, қолымнан келмеді. Көршілерімнің кетіп қалғанын бағана, тұруға ерініп жатқанда-ақ, дауыстарынан естігем. Демек үйде жалғызбын. Соткам, ақшам, Ойстер (жол жүру картасы) кілтім, киімдерім... бәрі бөлменің ішінде қалды. Бір жарым сағаттан кейін кездесуім бар, құжаттар бөлмеде. “Құрыдым” деп ойладым. Қонақбөлмеде бірер минут күттім де, “жоқ, мен бұлай отыра алмаймын” дедім. Қолымдағы кружкіммен, аяқтағы тәпішкімен далаға шықтым да кеттім.

Үстімде үйге киетін киім. Күннің жылы болғаны мұндай жақсы болар ма. Автобуспен жиырма минутта жететін жер, жаяу неше жүретінімді білмеймін. Әйтеуір агенттіктің қай бағытта екенін білем, қолда гугл мапс жоқ, ұрып келем. Ара-тұра күмәнданғанда көшедегілерді тоқтатып, жол сұраймын. Сонда бір адам, “мынау не киіп алған” деген көзбен қараса ше. Жылы шыраймен сұрағыңа жауап береді, жолды нұсқайды да, жайына кетеді. Айтпағым, сол қатынастың арқасында Лондонның қақ ортасында, үйге киетін киіммен еп-еркін жүре аласың. Қысылғам жоқ, қызарғам жоқ, өзімді кінәлі сезінгем жоқ. Кофемді жол бойы ішіп-ақ аяңдап, жетер жеріме жеттім ғой.

Алматыда не Астанада болса, үй киіммен (әсіресе жұмсақ тәпішкімен) көше түгілі мусор төгуге шықпас едім. Шықсам, елдің бәрі мені аңдып тұрғандай қараптан қарап қысылар ем.

Біздің қоғамның осындай қасиеті бар, адамды көзге көрінбейтін тордың ішінде ұстайды. Бәрін дұрыс істеу керексің: жігіт болсаң, коттедж салуың керек, қымбат машина мінуің керек, дүркіретіп той жасауың керек. Мысалға. Адамдар сол, қоғам қойған стандарттарға жетем деп тыраштанады да жүреді. Өздері оны қаламаса да. Жетпесе депрессияға түседі. Мұнда да проблема жетерлік. Бірақ ең бастысы, адамның еркіндігі бар. Оксфордты бітіріп, тегін жұмыс істейтін, демек, жалақы алмайтын, тамағын кешкі жеміс-жидек базарының қалдықтарынан теріп жейтін вегетариан азамат туралы деректі фильм көрдік. Оның философиясы, тұтынушы тізбектің мүшесі болмау. Ешкім оған “жындысың ба?” демейді. Ақыл үйретпейді. Осындай, ойдың еркіндігі, не кием, қалай жүрем дегеннен басталатын секілді.

Бір джинсы шалбарды айлар бойы тастамайтын, немесе екі аяғына екі түрлі нәски киетін мұғалімге, мұрнын тескен, не шашын күлгінге бояған PhDдокторына қарап ойлайсың. Олар сондай білімді. Сондай мәдениетті. Өз білгенімен бөлісуге де, сенің пікіріңді тыңдауға да дайын тұрады. Бізде аудиторияда ғана емес, тіпті кухняда отырып дауласқан екі адам, бір-бірінің пікірін мойындағысы келмей, қасарысып қалады. Мұнда мұғалімдер, сен қарсы бірдеңе айтсаң, “Рақмет, мен бұрын бұл мәселеге осы қырынан қарауға болатынын ойламаппын” дейді де, сені сөйлете түседі. Мұнысы, ол сенің пікіріңді ләппай қабылдады деген сөз емес. Сенің өз пікіріңе құқың барын мойындауы.

Бізде пікір алуандылығына төзбеушілік адамдардың киген киімін (“жасына сәйкес емес”, “статусына сәйкес емес”, “ситуацияға сәйкес емес” т.б.) сынауға “шеберлігімізден”-ақ көрінеді. Мұндағы мұрнын тескен, шашы күлгін мұғалімді осы қалпында біздің университеттерге апарса, оны қабылдар ма еді?..

Лондонда қайда қарасаң да әр түрлі адамдар, әр түрлі ұлт, әр түрлі дін өкілдері, тіпті әр түрлі тілде сөйлесіп кетіп бара жатады. Ешкім де ешкімге “сен мынаны киме, былай сөйлеме” деп үйретіп жатқан жоқ. Бірін бірі құрметтейді. Сен мұсылмансың ба, болуға құқығың бар. Вегетариансың ба, сені шақырғанда ет аспаймын. Басқа болу деген нашар болу деген сөз емес. Басқа болу тек қана басқа болу деген сөз. Бізде адамдар бәрі бірдей (дәлірегі өзі ойлағандай) болса екен деп ойлайды. Қалай өмір сүру дұрыс екендігін мен білемін, сенен артық білемін деп тұрады. Бәрінен де қинайтыны осы.

...Сөйтіп, әр нәрсені ойлап, пәтерді жалға берген агенттікке де жеттім. Менеджерлердің бірінің мәшинесімен үйге жетіп, бөлмемнің есігін ашқызып, заттарымды алып, кездесуіме де үлгердім. Иә, тәпішкенің табанын сүрткем де жоқпын. Өйткені көшелер таза.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить