Астанада бала автобустан құлап түсті

Фотография - Астанада бала автобустан құлап түсті

Көрнекі сурет

Жүргізуші айғайды естіген соң барып көлікті тоқтатқан.

571 0

Астанада автобустан бала құлап түсті. Қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Today.kz.

Қарт әйел немересімен бірге балабақшадан қайтып келе жатқан. Өзіне керек аялдамада зейнеткер қызды қолынан ұстап шығуға ыңғайланған. Жолаушылар шығып болмаса да, жүргізуші есікті жауып жүріп кеткен. Салдарынан әйелдің қолы есікке қысылып қалған, ал бала көшеге құлап түскен. Жүргізуші айғайды естіген соң барып көлікті тоқтатқан. 

Astana LRT өкілдерінің айтуынша, жүргізуші оқиғаның мән-жайы анықталғанша жұмыстан шеттетіледі. 


Тегтер:

бала автобус

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?