"Мысығымның тісі ауырды"

Тыныс-тіршілік
1739
Байқағаным ағылшындар ит пен мысық жайлы айтқанда көздері жанып, бет-жүздері шуақ шашып, нұрланып кетеді...

Байқағаным, ағылшындар ауа райы туралы жиі сөйлеседі. Ауа райын айтып болғанда ит пен мысыққа көшеді. Және осы кезде көздері жанып, бет-жүздері шуақ шашып, нұрланып кетеді. Бізде де ит, мысықтарды жақсы көретін, баласындай әлпештейтін адамдар бар, бірақ бұларда жаппай "мысықмания".

                                                                                                       ***

Группаласым Мэри Луиз ылғи жеңіл күртеше киіп жүреді. Күнде "неге қалың киінбейсің?" деп сұрай бергем ғой. Кеше пальто киіп кепті. "Міне, ең қалың киімім осы" дейді. "Аздап қылшық жабысқан, бірақ мән бермеңдер, итімнің жүні" дейді онысын сипалап. "Аты Гэри еді, осы жазда қайтыс болып кетті. Пальтода қалған қылшықтарын көргенде, тазалап тастауға қолым бармады"...

***

Кэт деген группаласымыз итінің бір көзі соқыр болып қалыпты. "Көп ауырды, қатерлі ісік болмай шықты әйтеуір, соған қуандық" дейді. Сосын итінің екі көзі көретін кезіндегі суреті мен жалғыз көзі көретін кезіндегі суретін кезек көрсетеді. "Сүйкімдіііі" дейді басқалар. Иті шынында да сүйкімді.

***

Бір мұғалім мысығына тіс дәрігерін іздеп, ақыры екі жүз фунтқа емдетіпті. Ол дегеніңіз тоқсан мың теңгедей ақша. Өз тісін емдету тегін екенін және ағылшындардың ақшаға деген мұқияттығын ескерсек, әжептәуір қаражат. "Сонда мысығыңыздың тісі ауырғанын қайдан білдіңіз?" деген заңды сұрақ туады. "Түріне қарап-ақ түсінуге болады емес пе" деп қарап отыр.

***

Әрине, әр үй ит пен мысық асырамайды, бірақ асыраса, отбасы мүшесі ретінде қарайды. Өзінің тамағы, күтімі, дәрігерге көрсетуі, барлық міндет, жауапкершілікті бірге арқалайды.

Бұл қатынас, ит-мысыққа қорғансыз, бала секілді қарау оларға мәдениетпен сіңірілетін сияқты. "Олардың ең жақсысы" (Their Finest, 2017) деген фильмді көрген болсаңыз, қайнап жатқан соғыс уақытында бас кейіпкердің ең үлкен ерлігі, күшікті құтқаруы болып шығады. Немесе жақында "Иттің түнгі уақта бастан кешкен қызықты оқиғасы" (The Curious Story of the Dog at the Nighttime, Gielgud Theatre) деген спектакль көруге бардық. Негізінде ит емес, бала туралы. Көршінің иті өліп жатқанын көрген бала, өзінше зерттеу жүргізеді ғой. Спектакль жылы, техника, жарық керемет, баланың тағдыры, жан-дүниесі жаныңды қозғайды. Бірақ эмоциясын білдірмей өздерін "ұстап" отырған ағылшындар, бір сәтте сахнаға күшік алып шығып еді, "аһ" деді де қалды. Бүкіл зал бір сәтте ішегін тартқанда, жанымдағы араб қыз екеуміз "Не боп қалды?" дегендей бір-бірімізге қараппыз.

***

Тағы бірде Мэри Луиз қуанып келді сабаққа. "Кеше мені мысығым скайптан таныды" дейді. Көршім Марион да күнде кешке мысығына видеоқоңырау жасап, айналып-толғанып жатады. "Мысығың бар ма?" деп менен сұрайды. "Мысықтарды жақсы көрем, бірақ ешқашан ұстаған емеспіз" деймін. "Итің бар шығар?" дейді. "Иә, бар". Бірақ одан әрі тереңдемеймін. "Далада ұстаймыз, үйге кіріп кетсе қуып шығамыз" десем ренжіп қалатын сияқты. Тамақтың қалдығын бере салатынымызды қайтесің. Шынымды айтсам, соңғы кезде өзімді өте қатыгез адам сезініп жүрмін. Ата-анаммен сөйлескенде иттің жағдайын сұрамаймын. "Қатерлі ісік болды ма" деп алаңдамақ түгілі, жоғалып кетсе "Жақсы ит өлігін көрсетпейді" деп қоя салатынымыз еске түсті. Әрине, қимастық болады, бірақ итіңнің "жақсы" болғанына дәлел тауып, ішіңнен қуанып қалатының да рас.

***

Бұл біздің адамды он егіз мың ғаламның орталығына қойған антропоцентристік көзқарастарымыздан секілді. Ал батыстағы философиялық, этикалық көзқарастар патоцентризмге (тіршілік иелерінің маңызы даму сатысына байланысты), одан биоцентризмге (барлық тірі организмнің маңыздылығы бірдей) қарай ойысып барады. Ұлыбритания тіпті "солшыл биоцентризмнің" Отаны. Вегетариандардың жыл сайын көбейіп жатқаны да содан шығар.

Бәрін түсінемін, ет жемейтіндерді құрметтеймін. Бірақ жылқының етін аңсап жүргенім де рас...

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить