977

Арыстанбек Мұхамедиұлы оңды-солды берілген атақтарды сынады

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әртістерге берілетін атақтың сатылануын қайтару керек деп санайды.
Фотография - Арыстанбек Мұхамедиұлы оңды-солды берілген атақтарды сынады Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әртістерге берілетін атақтың сатылануын қайтару керек деп санайды. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазды. 

"Бүгінде "Еңбегі сіңген қайраткер" атағын әртістер де, дәрігерлер де, агрономдар да алып жатыр. Олардың бәрі Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткерлері. (…) "Қазақстанның халық әртісі" және "Еңбегі сіңген әртісі" атағын мүмкін болса, қайтару керек. (…) Сахнада мэтр – еңбегі сіңген қайраткер және жас талант та – еңбегі сіңген қайраткер қатар отыратын жағдай туындайды", - деді министр дүйсенбі күні Мәжілістегі үкімет сағатында.

Министрдің мәліметтері бойынша, қазіргі кезде Қазақстанда "КСРО-ның үш-ақ халық әртісі бар – бұл Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев".

"Әрине, бұл мәселе күрделі. Болашақта сіздің қолдауларыңызбен бұған дейін болған құндылықтарды қайтарамыз деп сенемін", - деді министр депутаттарға.