Лондонда қар. Хаос пен қуаныш

Тыныс-тіршілік
1658
Қар деген де Құдайдың ғажайыбы екен ғой, өзіңді бала сезінесің.

Кеше ұйқыдан оянып, пердені ашып қалсам... қар жауып жатыр! Әрине, біз үшін "қыс болған соң қар жауады, онда тұрған не бар". Ал Лондон үшін бұл ВВС-дан беретін жаңалық. Гномдар жердің астынан шықты немесе инопланетяндар аспаннан түсті не Тереза Мей купальникпен көшеге шықты деген сияқты ғой...

Жарты сағаттан кейін "Қар жауды, қар жауды!" деп испаниялық көршім Агеда жүгіріп жүрді. Египеттік көршім Рами "аққала соғамыз" деп қолғабын іздеп жатыр. Көшеге шығып, "Аааа! Santa is coming!" деп айқайды салып тұрып, Испанияға тікелей эфир жүргіздік. Олардың қарды бірінші рет көруі. Мен аздап өзімше болам, "Пфф, осы да қар болып па, қазір-ақ еріп кетеді" деп. Бірақ іштей қуанып тұрасың. Лондонның жарқыраған көшелері, Кристмас маркеттері мен мерекелік сатылымдарын шын мейрамға айналдыру үшін қар ғана жетіспей тұрғандай еді. Қар деген де Құдайдың ғажайыбы екен ғой, өзіңді бала сезінесің.

Ал бритиштерді бақылау тіпті күлкілі. Мықшыңдап аулаға шығып, еріп жатқан қырбық қарды жиып-теріп, балшық-малшығымен қосып "аққала" тұрғызып әлек. Онысы шөптің үстінде аянышты көрінеді. Бірақ өздері мәз. Өйткені бұдан кейін дәл бұлай қардың жауатын-жаумайтыны неғайбыл. Біз жарықтық Астанада алты ай жататын ақ қардың қадірін білмейді екенбіз ғой.

Осындай сиректігінен, бұлардың жол қызметі қар жауса абдырап қалады. Жолдарды тазалау, тұз себу деген қызметтер біздегідей жолға қойылмаған ғой. Содан да қар жауса - хаос. Кеше (әдетте тоғыз минутта жететін) бір аялдама жердегі Стратфордқа бару үшін Central Line-ді (метро бағыты) қырық минут күттік. Timetable "severe delays" деп көрсетіп тұр еді, рас болып шықты. Группаласым Франкфуртқа ұшуы керек еді. Кешке жазады, "Әуежайда отырғаныма жеті сағат болды, ұшақ кешіктіріліп жатыр" деп. "Ойбай, неге?" дейміз. "Хитроуда хаос, қаптаған адам, ұшпайтын шығармын, шаршадым" дейді.

Көшелер тайғақ, жарайды. Бірақ метро мен ұшақтар неcіне жетісіп кешігеді, түсінсем бұйырмасын. British Airways 300 ұшақты қаңтарып қойып, 50 000 пассажир Хитроуда сеңдей соғылысып жүрген. Енді тағы 15 000 адам ұша алмайды дейді. British Airways жүргіншілерден кешірім сұрап, "Билет бағасын қайтаруға не басқа уақытқа билет алуға" рұқсат беріпті. Ал алдағы уақытта ұшатындарға, алдын ала рейс статусын сайттан тексеріп алу кеңес етілген, "егер рейсіңіз кешіктірілген болса, әуежайға келмеңіз" деп тұрып хат жіберіпті. Хитроудың берген түсіндірмесі: "Біздің қызметкерлеріміз жауған қардың есебінен жұмыс орнына жете алмады" дейді. Сондағы жауғаны үш сантиметрге де жеткен жоқ, еріп кетіп жатты. Шын айтып тұрсыңдар ма? Come on.

Қазақстанның сағаты ғана емес, "күрделі ауа-райы жағдайларымен күресу мүмкіндігі" де алда екен, шүкір.))

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить