1887

Қызылордада жоғалған екі бала табылды, олар кезбелікке салынып кеткен

Қазіргі таңда жасөспірімдердің жағдайы "жақсы" деп бағалануда, дін-аман ата-анасына тапсырылды.
Фотография - Қызылордада жоғалған екі бала табылды, олар кезбелікке салынып кеткен Сурет ашық дереккөзден табылды

Осы жылдың желтоқсан айының 11-і күні Қызылорда қаласының Ішкі істер басқармасына 13 жастағы 2 жасөспірім 10 желтоқсан күні үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығы жайлы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Today.kz Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған хабарлама бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп, жасөспірімдердің тұрпаттық бейнесі жасалып, сыныптастарынан жауаптар алынды. Үйден кетіп қалуына себеп боларлық жайттар жан-жақты қаралып, баруы мүмкін орындар, ойын-сауық орталықтары, көлік жуу бекеттері, кафе-барлар тексерілді.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған жасөспірімдер 13-і желтоқсан күні сағат 13.45 шамасында Сабалақ саяжайы аумағынан кезбелікке салынып жүрген жерінен табылды.

Қазіргі таңда жасөспірімдердің жағдайы "жақсы" деп бағалануда, дін-аман ата-анасына тапсырылды.

Осыған орай, полиция қызметкерлері балаларға деген бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды арттыру қажеттігін қатаң ескертеді.

Загрузка...