21213

Төрелігін өзің айтшы, Тұрсынбек – Журналист тойдағы тортқа қатысты сауал тастады

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Шымкенттегі тойға әкелінген тортқа қатысты сауал тастады.
Фотография - Төрелігін өзің айтшы, Тұрсынбек – Журналист тойдағы тортқа қатысты сауал тастады Сурет ашық дереккөзден алынды

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Шымкенттегі тойға әкелінген тортқа қатысты сауал тастады, деп жазады Today.kz

"Тұрсынбек-ау, Инстаграм ғана емес, бүкіл әлемнің ауызы ашылып, "елде жоқ тортты" жегісі келіп отыр. Не дейміз? Біздің миллионерлеріміз жасай берсін! Браво! Ертең -ақ бүкіл әлем Сейітжановтың тортын ғана емес, сол тойға кеткен ақшасын есептеп шығарып береді.  Төрелігін өзің айта қойшы, Тұрсынбек? Білем, сен жәй ғана асабасың. Бірақ, осы тортты елге көрсетіп, таныстырдың. Сондықтан сенен сұрап отырмын", - деді журналист.

Ол оқырман хатына сүйенген. 

Today.kz редакциясы Тұрсынбек Қабатовтың ресми өкіліне қоңырау шалды. Қабатовтың ресми өкілі Мырзабек есімді жігіт: "Ешқандай сұрақ қоймаңыз, ешқандай пікір білдіре алмаймыз", - деді. 

Айта кетейік, Шымкенттегі тойға құны 21 миллион теңге болуы мүмкін алып торт әкелінді. Тортты атақты кондитер Ренат Ағзамов жасаған. Тойға боксшы Геннадий Головкин қатысты. Тойды Қазақстандағы ең қымбат асаба Тұрсынбек Қабатов басқарды. 

Загрузка...