933

Бүгін қай өңірдің тұрғындары сабаққа бармайды

Еліміздің бірнеше өңірінде қатты аяз болады.
Фотография - Бүгін қай өңірдің тұрғындары сабаққа бармайды Көрнекі сурет

22 қаңтар күні Қазақстанның бірнеше өңірінде күннің суытуына орай сабақ болмайды, деп хабарлайды Today.kz

Астанада бірінші ауысымдағы 0-11(12) сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабаққа бармау рұқсат етілді. 

Ақмола облысында қатты аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары бүгін сабақ оқымайды. 

"Температура: -25-27°. Жел секундына 4-5 метр. Бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық білім бөлімінің өкілдері. 

Солтүстік Қазақстан облысының 1-11 сынып оқушыларына да сабақ бүгінше тоқтатылды. 

Өскеменде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары сабаққа бармаса болады. 

Павлодар облысының оқушылары мен колледждің 1-курс студенттеріне сабаққа бармауға рұқсат етілді. 

Загрузка...