Ағылшын тілін үйренушіге қажет сілтемелер – Әсия Бағдәулетқызының нұсқасы

Тыныс-тіршілік
11516
Менен ағылшын тілін қалай үйренуге болады деп сұрайтындар көп.

Менен ағылшын тілін қалай үйренуге болады деп сұрайтындар көп. Сарапшы емеспін, бірақ өз басымнан өткен, өзім пайдаланған ресурстармен бөлісуді жөн көрдім. Байқағаным, адам тілді қабылдауды тез үйренеді.

І.Оқу - бәрінен де оңайы және жылдам сіңетіні. Мысалы, сіз Уикипедияға күн сайын неше рет кіресіз? Немесе жаңалық вебсайттарына? Армян геноциді, АҚШ-тағы қыс, Ататүріктің ұлты, мизанабим, шашқа жағатын маска, раклеттің рецепті, қозықұйрықтың пайдасы мен зияны, TedBaker дүкеніндегі жеңілдіктер... аяқ астынан білгіңіз келетін нәрсе көп делік. Соның бәрін ағылшын тілінде іздеп, ағылшын тілінде оқу керек. Сонда (өзіңізге қызық ақпаратты оқу арқылы) лексиконыңызды қалай байытқаныңызды өзіңіз де білмей қаласыз. Оған қоса, ағылшындағы сөйлем, сөз тіркес шаблондары, стиль сезімі бейсаналы түрде жадыңызға сақтала береді. Ал, оқыдыңыз. Бірақ қиын. Барлық сөзді білмейсіз.

1. Google-ға қош келдіңіз. Кез келген сөзді ағылшынша терсеңіз, алдымен оның мағынасы, сосын синонимдері шыға келеді, аудармасы да бар. Біраз сөздік қор жиғаннан кейін, келесі сатыға өтесіз.

Сол кезде сөзді ағылшын тілінде түсіндіріп беретін сөздіктерге назар салыңыз. Бірнешеуін тізіп өтсем:

2. Макмиллиан сөздігі https://www.macmillandictionary.com

3. Лонгман сөздігі https://www.ldoceonline.com

4. Oxford Dictionary https://en.oxforddictionaries.com

5. Kембридж сөздігі https://dictionary.cambridge.org

Менің ұсынып отырғаным сөздіктердің тегін нұсқалары, бірақ үйренем деген адамға сол да жеткілікті.

Academic English, демек оқу орнында қажет болатын ағылшынды үйренем десеңіз, мында барыңыз:

6. http://uefap.com- Using English for Academic Purposes For Students in Higher Education. Тіл үйренуге қажет секциялардың бәрі бар, грамматика, оқу, тыңдау, жазу, пәндер бойынша материалдар және өте көп басқа да пайдалы ақпарат.

7. https://visuwords.com Бұл бәрін білгіш виртуалды ми сияқты, қызық ресурс. Бір сөзді терсеңіз, оған қатысы бар мыңдаған сөздердің тізбегін шығарып береді. Және парақшаның сол жағындағы тізімде екі сөздің қалай байланысатынын да көрсетіп отырады. Өзіңізді қызықтырған тақырыпты іздесеңіз, қызық концептілерді, терминдерді үйренуге болады. Және бұл fun!

8. https://quizlet.com/ru Жаттығулар, тапсырмалар, сөз жаттайтын ойындар және өте көп қызықты ақпарат бар. Тіркеліп алсаңыз, өте қолайлы сайт. 

II. Тыңдау, естігенді түсіну, мағыналық бояуларды ажырата алу да аса қиынға түсетін шаруа емес.

1. https://www.ted.com

Өз басым TEDXcайтын жиі пайдаландым, қосымшасын жүктеп алсаңыз, түрлі тақырыптағы видео не аудиофайлды ұялы телефоныңызға жүктей аласыз. Және вуаля! Жүктелген файлдарды интернет жоқ жерде де тыңдай беруге болады! Мұнда өмірдің кез келген саласындағы қызықты идеялар жинақталған: білім беру, психология, қарым-қатынас, өнер, тарих, әлеуметтану... не нәрсеге қызықсаңыз да сол саладағы ең жаңа зерттеулердің нәтижелерін біле аласыз. Илон Маск пен Бил Гейтстен бастап Шакрух Кханға дейін қызықты ойларымен бөліседі.

2. http://www.bbc.co.uk Би-би-си-ді сайтынан тікелей де, жазылған бағдарламаларды да тыңдауға болады. Әрине, өзіңіз іздеген тақырып та, әзіл мен көңіл көтеретін бағдарламалар да табылатыны анық. Мысалы, IDEAS BETAда “How to navigate modern life”,

“Extraordinary pioneers”, “An A-Z of –isms” сияқты көптеген бөлімдер тілді жаңадан үйреніп жүргендерге өте пайдалы: видеосы да, субтитрлары да бар. Go for it! Мысалы, мына тақырып интернет кеңістігіндегі көп қолданушыларға пайдалы болар еді: https://www.bbc.com/ideas/videos/the-trouble-with-groupthink/p05v2dml

Тілді үйренудегі ең қиыны өзге екі категория. Олар тілді қабылдауды емес, өндіруді талап етеді: сөйлеу мен жазу. Дұрыс сөйлеуді ортаға түскенде ғана үйренесіз, ол рас. Неғұрлым көп тыңдаған сайын, соғұрлым оңай сөйлеп кетесіз, ол да рас. Сондықтан сөйлеуді үйрену үшін кинофильмдер, мультфильмдер, бағдарламалар және ютубтан табылатын, назарыңызды аударған басқа да көптеген дүниелерді тыңдауды ғана ұсынамын.

ІІІ. Бірақ жазуда көмектесе алатын вебсайттар бар.

1. https://app.grammarly.com Бұл ағылшын тіліндегі жазуына сенімсіз адамға керек ең бірінші құрал. Үндістандағы досыңызға жазасыз ба, Америкадағы әріптесіңізге жазасыз ба, грамматикаңызды бір тексертіп алғыңыз келсе, осы сайтқа барыңыз. Граммарли сіз тастап кеткен артикль мен cіз бұрыс қолданған көмекші сөздерді (preposition), және басқа да біраз қателеріңізді көрсетіп, қолынан келсе түзетіп береді. Must have.

2. Кейде бірдеңе жазып отырғанда, әп-әдемі ағылшыныңызға араласып бір жақсы идея келеді. Бірақ қазақ тілінде. Не орыс тілінде. Сондай кезде контекстіні терсеңіз, оның бірнеше аудармасын ұсынады. Бірақ абай болыңыз: тәржімасының бәрі тамаша емес.

Context reversо:http://context.reverso.net

3. Сосын ағылшын тілінің (жалпы кез келген тілдің) қиынға соғатын бір тұсы, сіз екі сөздің мағынасын білсеңіз де, ылғи да қатар қолдана алмайсыз. Ең қарапайым мысал. Қазақ тілінде де біз “жылдам көлік”дейміз де, “тез көлік”деп айтпаймыз ғой. Сол сияқты, quick cars деп айта алмайсыз, fast cars десеңіз орынды. Бір қарағанда екеуі бір мағынаны бергенімен, ағылшын тілін жаңадан үйреніп жүрсеңіз, қай сөз бен қай сөзді қатар қолдануды білмей күмәндануыңыз мүмкін. Тілге көп төселмеген адамның ең үлкен қорқынышы салақ сөйлемдер олақ орамдар каллакейшндарды білмеуден шығады. Ондай жағдайда іздеген сөзіңізді төмендегі сайтқа терсеңіз, сол сөзбен үйлесетін басқа сөздердің бәрінің тізімін шығарып береді. Сізге қажетті барлық сөз бар деп айта алмаймын, бірақ тілді жаңадан үйреніп жүргенде едәуір көмегі тиетіні анық.

http://www.freecollocation.com

4. Ағылшынша оқып жүр талай қазақ баласы… Ағылшын тілінде эссе жазу қазақ тіліндегі шығарма емес. Бұлар мектептен бастап балаларға өз ойын дәйектеп, дәлелмен сөйлеуді, стильді шашыратпай, қалыпқа салуды үйретеді. Ал жоғары оқу орнында әр эссеңіз кішігірім ғылыми жұмыс жазумен тең. Ой мен ойды жалғайтын linking words - байланыстырушы сөздердің өте пайдалы тізімін төмендегі сілтемеден табуға болады.

http://www.kfs.edu.eg/com/pdf/2082015294739.pdf

Әзірге осы. Егер өзіңізге тілді меңгеруге көметескен жақсы сайттар болса, төменде тізе отырыңыздар. Өзгелерге көмек болсын!

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить